Батыс Ақтас газ конденсаты кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Актас газ конденсаты кен орны - Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклин белдеміндегі газ конденсаты кен орны. Құрылым 1952-1958 жылдары дайындалып, кенорын 1987 жылы ашылды, барлап-игеру жұмыстары 1989 жылы қолға алынған.

Географиялық орны

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде.

Геологиялық құрылымы

Ортаңғы триастың төменгі жағындағы шағылдырушы горизонтпен шектелген кен сыйыстырушы құрылым тектоникалық блок ауқымындағы шағын биіктік болып табылады. Тұйықтаушы -3200 м-лік изогипса бойынша оның өлшемдері 2x0,8 км, амплитудасы 50 м. Өнімділігі жоғарғы триас шөгінділерінің терригендік-карбонаттық таужыныстарымен байланысты.

Жатыс сипаты, қанығуы

Жинауышы аралас құрамды, ашық кеуектілігі 14%. Жапқышы қалыңдығы 144 м-ден астам аргилиттерден құралған. Жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Газ-су жапсары -2975 м белгіде. Жатынның газды бөлігінің ауданы 1,5 км2, биіктігі 30 м. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 6,8 м, газбен қаныққан қалыңдығы 4,8 м, газдылық коэффициент 0,72. Көтерілім күмбезіндегі өнімді қойнауқат бетінің ең аз тереңдігі 3110 м. 5 мм-лік штуцердегі газ шығымы 29,8 мың м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысымы 32 МПа.

Құрамы, тығыздығы

Газ құрамы этанды (15,1%), метаны 71,6%. Ауыр көмірсутектердің үлесіне 26% тиеді. Тұрақты конденсаттың газдағы мөлшері 21,1 г/м3. Шығымы 9,6 м3/тәу. Тығыздығы 766 кг/м3, тұтқырлығы 1,74 Сст. Конденсатта 1,2% парафин, 67,7% метандық, 30% нафтендік, 2,3% хошиісті көмірсутектер бар. Хлоркальций типті қойнауқаттық сулардың минералдылығы жоғары. Жатын режимі газарынды. Кен орнында жұмыс тоқтатылған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс Ақтас газ конденсаты кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}