Бассауға құқы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бассауға құқы — 1) саяси, діни және тағы басқа себептерге байланысты қуғын көрген кез келген адамның әлдебір мемлекеттен пана тілеп, қамқорлық жасауды, араша түсуді өтіну еркі; 2) мемлекеттің бассауға сұраған басқа мемлекет адамына өз территориясына келіп, өмір сүруге рұқсат ететін дербес қақы. Бассауға құқы тұңғыш рет 1793 жылы Франция Конституциясында бекітілді. Қазіргі заманғы халықаралық тәжірибеде бассауғаның территориялық және дипломатиялық түрлері бар. Территориялық Бассауға құқы мемлекет аумағынан берілетін бассауға. Бұл Бассауға құқын дүние жүзі мемлекеттерінің көпшілігі мойындайды әрі ол өзге елдің егеменді еркіне нұқсан келтіретін әрекет болып есептелінбейді. Ал дипломатиялық Бассауға құқы — дипломатиялық өкілдіктің не консулдық мекеменің ішінен, сондай-ақ, шетелдік мемлекеттің әскери кемесі аумағынан берілетін бассауға. Бірақ оның уақыты шектеулі болады, белгілі бір мерзімі өткен соң, бой тасалаушы өзін қуғындаған мемлекет меншігіндегі территориядан кетуі тиіс. Бұл Бассауға құқын Латын Америкасының кейбір елі ғана мойындайды, ал қазіргі заманғы халықар. құқықта дипломатиялық бассауғаға тыйым салу қағидасын ұстанады. Мәселен, 1961 жылы Дипломатиялық байланыстар туралы Вена конвенциясы, 1963 жылы Консулдық байланыстар туралы Вена конвенциясы өкілдіктердің ғимаратын қызметтік міндеттеріне сәйкеспейтін мақсаттарға пайдалануға тиіс еместігін айқындайтын дипломатиялық және консулдық құқықтың ортақ принциптерін бекітті (41-баптың 3-тармағы және 55-баптың 2-тармағы). 1948 жылы қабылданған “Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясының” 14-бабында қуғындалған әрбір адамның “өзге елдерден бассауға іздеуге және оны пайдалануға” қақылы екені белгіленген. 1967 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2312 (ХХІІ) қарарында қабылданған территориалдық бассауға туралы декларацияға сәйкес, мемлекет өзінің егемендік еркімен Бассауға құқын бере алады. Әрбір мемлекет ұлттық заңдарында бассауға берудің негіздері мен тәртібін, сондай-ақ бассауға берілетін адамдардың статусын белгілеуге тиіс. Әдетте,Бассауға құқы саяси, діни, т.б. себептермен қуғындалған адамдарға беріледі. Ал, жалпы қылмыстық әрекеттер жасаған, бейбітшілікке қатер төндіріп, адамзатқа қастандық қылған, әскери қылмыстар істеген адамдарға бассауға берілмейді. Бассауға құқын берген мемлекет өз территориясында паналап жүрген адамның қуғындаған елге қарсы қастандық әрекет жасамауын міндетіне алады. Бассауға құқын иеленген адам өзінің құқықтық статусы жағынан шетелдік азаматқа не азаматтығы жоқ адамға теңестіріледі немесе бассауғалап келген мемлекеттің құқықтық қорғауына алынады. ҚР Президентінің 1996 жылы 15 шілдедегі Жарлығымен “Қазақстан Республикасында шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси бассауға беру тәртібі туралы” Ереже шықты. Соның негізінде республикада қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік не ұлттық тегі, діни нанымы үшін өз елінен немесе тұрып жатқан елден қуғындалған, сондай-ақ, халықаралық құқық жосындарында көзделген құқыларына нұқсан келтірілген адамға саяси бассауға беріледі. ҚР заңдарында қылмыс ретінде танылатын әрекеті (әрекетсіздігі) үшін немесе БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптеріне қарама-қайшы іс-әрекет жасағаны үшін қуғындалған; қуғындалу қаупі жоқ үшінші елде тұрып жатқан; көпе-көрнеу жалған мәліметтер берген, қуғындамайтын үшінші елдің азаматтығын алған адамға Бассауға құқы берілмейді. Саяси бассауға алған тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері ҚР Конституциясында және арнайы заңдарында көзделген құқылар мен бостандықтарды пайдаланып, өздеріне міндеттер жүктейді. Бассауға құқы ҚР Президентінің Жарлығымен беріледі. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бассауға құқы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}