Бапыш Қожамжарұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бапыш Қожамжарұлы (1860, Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылы — 1928, Созақ ауданы Сызған ауылы) — күйші.

Домбыра тартуды ауыл күйшілерінен үйренген. Ал, орындаушылық өнері мен өз шығарм. Сарыарқа, Қаратау өңірінің домбырашылары дәстүрінде қалыптасқан. Оның туындыларынан Тәттімбет, Ықылас үлгілері байқалады. Бапыш күйлері белгілі оқиғаларға арналған, мазмұны нақты, бірақ кезінде жазылып алынбағандықтан көбі ұмытылған. Оның “Қаратау”, “Қара жорға”, “Ыңғай төкпе”, “Бес жорға” атты күйлерін немересі, белгілі домбырашы, күйші Т.Момбеков жеткізген. Бұл шығармалар пластинкаға (“Қазақ күйлерінің антологиясы”, 1970) жазылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала