Балтабек Ерсәлімов
Үлгі:Тұлға Балтабек Ерсәлімов (28 ақпан 1938, Семей — 5 мамыр 2024) — қазақстандық филолог, этнограф, өлкетанушы, журналист. Еңбек жолын ерте бастаған. "Прииртышская правда" газетіне курьер (қағаз тасушы) болып, күндіз сабақ оқып, түнде жұмыс істеді. Кейіннен ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітіріп, редакцияда журналист болып істеген.
Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда қазіргі Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының және «Құрмет» ордендерінің иегері.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Уақ тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Абайдың жиені. Ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласты. Абайдың, Шәкәрімнің, М.Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Семейдегі Абай қорын ұйымдастырып, ашушылардың бірі. 1990 жылдан оның директоры. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>