Абай (журнал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай» - алғаш «Жанар» ұйымының, кейін «Уақ қарыз серіктігінің» Семейде 1918 жылдың ақпан - қазан айлары аралығында шығып тұрған ғылыми-әдеби және шаруашылық журналы. Небәрі 12 саны жарық көрген. Редакторы - Ж.Аймауытов. Ол журналдың 1 - санындағы бас мақаласына АИ-дың «Лай суға май бітпес қой өткенге...» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп алған. Ақын дүниеге келген дәуірді «Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды, береке кетіп азды, тозды, сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды»,- деп сипаттады. «Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді» деп әдебиет тарихындағы ақын еңбегін ерекше бағалады. Автор «осы сықылды кемеңгердің атына арнап журналымыздың атын «Абай» қойдық. Мақсат - «журналымыз Абайдай болсыншы» дегендік ғана емес, Абайды құрметтеп, атын тарихқа қалдыру» деп ескертті. Журнал Абайдың ұлағатты сөздерін, ақынға арнау өлеңдерді жариялап отырды. Мадиярдың (М. Дулатов) «Алашқа», Екеудің (Ж. Аймауытов пен М. Әуезов) «Абайдан соңғы ақындар», Жас түріктің (Ж. Аймауытов) «Қайтсек адам боламыз?», Мағжанның (М. Жұмабаевтың) «Күздікүні» сияқты өлең, мақалаларын басты. Отаншылдық, елдік, ерлік турасында мәселе көтерді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай (журнал)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}