Балтабай Табылдиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табылдиев Балтабай (1940 -1994) — Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. <ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. 1958 жылы — "Балдырған" журналының суретшісі болған. 1960 жылы — Алматыда өткен Қазақстан график суретшілерінің көрмесіне қатысқан. 1962 жылы — Бүкілодақтық кітап көрмесінің II дәрежелі дипломын алған (Мәскеу). 1965 жылы — Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1965—1970 жылдары Мәскеу полиграфия институтында оқыды. 1965 жылы — Бүкілодақтық өнер байқауында дипломмен марапатталды (Мәскеу). 1965 жылы — Орта Азия және Қазақстан графика көрмесінде I дәрежелі дипломға ие болды (Ташкент). 1970 жылы — "Жазушы" баспасының бас суретшісі. 1972 жылы — Шығармашшық топтың есеп көрмесіне қатысушы (Паланга). 1974 жылы — Қазақстан Суретшілер одағынын мүшесі. 1978 жылы — "Жалын" баспасының бас суретшісі. 1978 жылы — Орта Азия республикалары мен Қазақстан республикааралық байқауында (Ашхабад). III дәрежелі диплом алған. 1988 жылы — "Қазақстанның кітап графикасы және плакаты"көрмесіне қатысқан (Ташкент). 1990 жылы — "Санат" баспасының бас суретшісі қызметін атқарды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}