Байшонас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

БайшонасАтырау облысының Мақат ауданы құрамында болған ауыл (бұрынырақ - кент), Байшонас ауылдық округінің орталығы болды.

Орналасуы

Атырау қаласынан шығысқа қарай 100 км, аудан орталығы — Мақат кентінен оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде, шөлді белдемде орналасты<ref name="source1"></ref>.

Тарихы

Құрылуы және дамуы

Іргесі 1925 жылы мұнай кенін игеруге байланысты қаланған. Орта мектеп, аурухана, наубайхана болды. Тұрғындары аудан және облыс орталықтарымен автомобиль жолы арқылы қатынасқан<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>.

Таратылуы

Ауыл 2008 жылға дейін кент статусында болған<ref>Мақат ауданының кейбір кенттерін село санатына жатқызу туралы</ref>. Кейін Солтүстік Каспий аймағында ірі кен орнының ашылуына байланысты ауыл таратылып, 2013-14 жылдары Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілді<ref>Атырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендерін тарату туралы</ref>.

Халқы

1997 жыл тұрғындар саны 1,8 мың адам болған<ref name="source1"></ref>. Ал 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 1827 адам мекендеді<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>. Үлгі:Cleanup Байшонас - Ембінің ежелгі, Доссор мен Мақаттан кейінгі үшінші мұнай кәсіпшілігі, Атырау облысының Мақат ауданындағы мұнайшылар кенті. Атырау қаласынан шығыста 85 км-де, Доссор мұнай кәсіпшілігінен оңтүстік-батыста 38 км жерде орналасқан. Өзімен аттас мұнай кенорнының негізінде 1931 ж. іргесі қаланды. Бүл мұнай өнеркәсібін ұлт меншігіне айналдырғаннан кейін кеңес заманында қатарга қосылған Ембінің алғашқы мұнай кәсіпшілігі болатын. 1938-44 жылдары кәсіпшілік жан-жақты және жедел дамыды; қуаты 600 а.к-лік дизелді электр станциясы, жоғарғы вольтті Байшонас—Ескене электр желісі, Ескене—Байшонас тартабанды темір жолдары т.б. салынды; Соғыс жылдары мұнай өнімінің 20%-ын Байшонас берді, бұған тез қимылдайтын жекеленген ырғалғыштарды қолдана отырып, бірнеше горизонттарды бірден игеруге мүмкіндік беретін сұйықты тездетіп aлу әдісін кеңінен қолдану арқылы қол жет-і. Соғыстан соңғы жылдарда ұңғымаларды, оларға таяу кеңістіктерді қышқылдармен өңдеу (қанықтыру), қопарғыш затпен жару, қойнауқатты сумен жарғыштау т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Қазіргі уақытта Байшонас, Қарсақ және Ботахан сияқты пайдаланудағы кенорындар жұмыс істейтін мұнайшылардың тұрағы болып отыр.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Мақат ауданы елді мекендері