Байсал Мырзаболатұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Байсал Мырзаболатұлы (1755, Бозащы – өлген күні белгісіз, сонда) — Байұлы тайпасы Адай руының Айтумыс-Өрдек бөлімінен шыққан палуан, көріпкел, сәулетші.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Өмірбаяны

Байсал Бекет-атамен қатарлас екен. Оғыланды тауынан Бекет-атаның мешітін салмақшы хабарын қалың елмен бірге Байсал да естіп, мешіттің құрылысына көмектесіп жатқан адамдарға қосылады. Байсал да өзінің Алла дарытқан күшін игілікті іске аямай жұмсайды. Басқалар біраз жұмыс жасағасын ауылдарына қайтып кетіп жатқанда ол шаршап-шалдықпастан жұмыс жасай береді. Оның ерен қайратына таң қалмаған адам болмайды. Байсалдың бұл қимылы мен ерекше ынта-ықыласы, әрине, Бекеттің назарында еді. Бір күні Бекет Байсалға: «Ал, Байсал, көп іс тындырдың. Қайратыңда шек жоқ екен. Жасаған қызметіңнің қарымы тек бір Алладан қайтсын!» деп өз ырзашылығын білдіреді. Кенет перзентсіз көңілі мұңды болып жүрген Байсалдың ішін оқып қойғандай: «Замандасыма айтарсың, уайымдамасын. Келер жылы бір перзентті боларсың. Біреу болса да берегей болар, ұл туса атын «Мыңкісі» деп қоярсың» дейді.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> Байсал Бекет-атаның ауылынан қуанышта аттанады, келе жары Қарашашты қуантады. Келер жылы Бекет-атаның айтқаны келді. Қарашаш ана 48 жасында ұл перзентті болған. Ұланасыр той жасап, атын Мыңкісі қояды...»<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Байсалдың баласы Мыңкісі Адайдың 360 әулиелерінің бірі. Байсал Толыбай қорымына жерленген, басында аты-жөні жазылған белгісі бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub