Баймұхамбет Тоқтаров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баймұхамбет Тоқтаров (10.5.1929, Алматы облысы Андреев ауданы Қызыл әскер ауылы - 1970) - жазушы, аудармашы.
Мәскеудегі әдебиет институтын бітірген (1962). 1950 - 55 ж. Алматы облысы комсомол комитетінде, 1955 жылдан бастап журналистік қызметпен айналысқан. "Жұлдыз" журналында ұзақ жыл еңбек еткен. Тоқтаров орыс ақындары А.С. Пушкиннің, А.Гайдардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
- Бақыт жолы. Повестер. А.,1955;
- Суретші. Повестер. А., 1959;
- Өмір жолы. Повестер. А., 1960;
- Жетісу жотасында. Роман. І-кітап А.. 1964;
- Қырандар қанаты. Очерктер. А., 1967;
- Таудағы ән.Роман. ІІ-кітап А, 1971.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>