Байжігіт Тоқтарқожаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Байжігіт Тоқтарқожаұлы (шамамен 1519 — 1608) — би, шешен, батыр, ел билеушісі. Орта жүз құрамындағы қалың Найман тайпасының Қаракерей руының Мейрам бөлімінен шыққан. Түркістан маңында дүниеге келген.

Байжігіт руының тарихы

Байжігіт руы қазақтың Найман тайпалық бірлестігі құрамындағы Қаракерей ішінен, қыздан тарайды. Ашып айтқанда: Қаракерей - Байторы - Мейрам - Байыс - Мақта апа. Рулық шежірелерде Байжігіттің әкесі ретінде Шайбани ұлысынан шыққан Тоқтарқожа аталады. Шежірелік аңыздарда Тоқтарқожаның қазақ жеріне келуі Байыс батыр есімімен байланыстырылады. Байыс батыр – Қаракерейдің беделді би-батыры болған тұлға, оның қызы Мақтаға Тоқтарқожа үйленгені туралы кеңінен айтылады.

Аңыз нұсқасы бойынша, Тоқтарқожа Байыс батырдың ауылына келіп, қызына құда түседі. Сол кезде Мақта әкесіне шарт қояды:
«Менің ұрпағым сенің төрт ұлыңнан бөлінбей, бесінші Байыс болып есептелсін; еншім де олардың еншісімен тең болсын; әрі қоныстық құқық берілсін».
Байыс батыр бұл талапты қабылдап, қызының ұрпағын өз әулетіне тең қылып енгізеді. Осыдан кейін дүниеге келген ұлдардың бірі – Жанжігіт, екіншісі – Байжігіт деп аталған. Шежірелерде, кейіннен Тоқтарқожа бір баласы Жанжігітті алып, өз ұлысына, Үргенішке қайта кеткені айтылады:
  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі"
«Байыстың Мақтабай деген бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт, Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған».<ref>Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Астана, 2018. 140 б.</ref>
2. Құрбанғали Халиди: "Тауарих хамса"
«Мақтапайдың ері Тоқтарқожа деген түркістандық, одан: Байжігіт, Жанжігіт туады. Тоқтарқожа омірінің соңында Жанжігітті ертіп еліне кетіп, олардан кім бар-жоғын біле алмадық. Байжігіт анасымен қалып, қазір әулеті сегіз болыс ел болып отыр».<ref>(Құрбанғали Халиди. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992. 95 .</ref>
3. Мұхамеджан Тынышпаев: "(Материалы к истории киргиз-казакского народа"
«Макта была замужем за сартом; сын Байджигит остался у киргиз, а другой Ерджигит вместе с отцом Тахтарходжой ушел в Ургенч».<ref>М. Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент, 1925. С. 72.</ref>
4. Коншин Н.Я. Заметка о происхождении родов Средней киргизской орды:
«Одна из дочерей Баиса от первой жены вышла замуж за сарта Тохтархожу, у которого родились дети Байджигит и Эрджигит. Последний ушел к сартам в Туркестан, а Байджигит остался у деда».<ref>Коншин Н.Я. Заметка о происхождении родов Средней киргизской орды // Памятная книжка Семипалатинской области на 1900 г. Выпуск IV. Семипалатинск, 1900.</ref>
Ал Байжігіт Найман арасында қалып, өсіп-өнген. Осы себепті Байжігіт руы толықтай қазақ құрамында қалды және Найман тайпасының бір бөлшегіне айналды.

XVғ. Байжігіт руы Найман-Қаракерей құрамында болды. Бұл рудың мүшелері қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәртебесін бастапқыдан-ақ тең дәрежеде иеленді. Мақта ананың қойған шарттары шежіреде арнайы атап көрсетілгені де осының айғағы. Яғни Байжігіт руы ешқашан «қыздан тарады» деп шеттетілген жоқ, керісінше, Найманның негізгі бөлігі болып есептелді.

Байжігіт руының тарихын зерттеу барысында бір мәселе айрықша назар аударады: біріншісі – рудың негізін қалаушының әкесі - Тоқтарқожаның тегі.

Байжігіттің шығу тегіне қатысты теориялар

Бірінші теория – Байжігіт руы Мұхаммед Шайбани хан әулетінен тарайды деген пікір. Бұл көзқарас Тоқтарқожаның Шайбани ұлысынан келуімен байланысты. Шежірелік дәстүрде ол Шайбанилермен тікелей қатысы бар тұлға ретінде сипатталады. Кейбір нұсқаларда Тоқтарқожаны Мұхаммед Шайбанидің ұлы немесе туысы деп көрсетеді. Бұл жағдайда Байжігіт руы шынымен де Шыңғыс хан әулетімен байланысты болып шығады. Қазақ руларының арасында төрелерден тараған әулеттердің бар екендігі белгілі, сондықтан бұл теория толықтай қисынсыз емес.

Екінші теория – Байжігіт руы Шайбани ұлысының құрамындағы найман тайпасынан тарайды деген көзқарас. Бұл нұсқа Тоқтарқожаны Шайбани әскерінің құрамында жүрген найман руының өкілі ретінде қарастырады. Яғни ол Мұхаммед Шайбанидің туысы емес, бірақ сол ортадан шыққан найман. Бұл жағдайда Байжігіт руы сырттан келгенімен, этникалық тұрғыдан Найманға жақын болғандықтан, қазақ арасындағы Найман-Қаракерейге оңай сіңген.

Үшінші теория – Тоқтарқожа қожа әулетінен шыққан деген пікір. Кейбір зерттеушілер оның есіміндегі «қожа» сөзін негізге алып, тегін қожа әулетіне жатқызады. Дегенмен, бұл көзқарастың тарихи негізі әлсіз. Себебі адам есімінің соңындағы "қожа" жалғауы сол адамның қожа тұқымынан екенін көрсетпейді. Оған мысалдар көп: мысалы, Абақ Керейден шыққан Қожаберген батыр, Қазақ арғындарының ортақ бабасы - Дайырқожа, Оның баласы - Қарақожа, және т.б. Айта берсең мысалдар жетеді.

Үш теорияны салыстырғанда, үшінші нұсқаның әлсіздігі анық байқалады. Тоқтарқожаның қожа әулетінен шыққаны туралы ешқандай дерек жоқ, ал есіміндегі «қожа» сөзін тек қана тегіне байланыстыруға болмайды.

Шайбанид теориясы

Байжігіт руының шығу тегіне қатысты ең ықпалды әрі қисынды нұсқалардың бірі – олардың Мұхаммед Шайбани хан әулетінен тарайды деген пікір. Бұл көзқарастың негізінде халық шежіресі де, тарихи жағдай да жатыр.

Аңыз – шежірелердің көбі бабаларымыздың арғы тегін Сәйбек ханға апарып тірейді. Сәйбек ханның толық аты – жөні Мұхамет Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегіндегі деректер бойынша Мұхамед Шайбани – Шыңғыс ханның немересі Шайбаннан өрбіген ұрпағы, өзбектің ханы Әбілхайырдың шөбересі. Әбілхайыр хандығы тарағаннан кейін Хорезмге билік жүргізген, сонда 1510 жылы қаза болған. Тегі бойынша Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының ұрпағы болып тұр. Ондай деректер тарихи әдебиетте көп кезігеді.

Оған дәлел ретінде бірнеше шежіре деректерді келіре кетейік:

  1. Шәуен Мәсәлімұлы - "Тәңір Құтын іздедім":
    Ақсақ Темірдің ұрпақтары келіп қаланы шауып, өртегенде Шудың бойында наймандарды паналап, сол жақта Сеид Сайбақтың(авт. Мухаммед Шайбани хан) ұлы Тоқтарқожа Байыстың қызы Мақтаға үйленген.<ref>Шәуен Мәсәлімұлы - "Тәңір Құтын іздедім"</ref>
  2. Ақтайлақ бидің – «Байжігіттің тарихы» атты еңбегінде Сайбақ ханның(авт. Мұхаммед Шайбани хан) қазақ ханы Жәнібекпен замандас болғаны, оның 30 баласы болғаны және оның бірі Тоқтарқожа(барлық Байжігіт наймандарының атасы, Байжігіт бидің әкесі) болғаны айтылады.<ref>Ақтайлақ би - "Байжігіт тарихы"</ref>
  3. Балқаш Бафинның еңбектерінде Әлімғазы Жаманкөзұлы(Байжігіт бидің ұрпағы) туралы деректер бар, онда Әлімғазы Шайбақ ханның(авт. Мұхаммед Шайбани) 15-ші ұрпағы болғаны айтылады. Әлімғазының Байжігіттің ұрпағы екенгіне көз жеткізу үшін оның 1944 жылы Шәуешекте қызы - Гүлғасылдың қайтыс болғанын жоқтауынан үзінді алуға болады:
    ...Тоқтарқожа, Байжігіт - бұрынғы өткен бабамыз, Шежіреге қарасақ, төрт Байжігіт арамыз, Жұмық, Тоғас, Бай Мәмбет, қарақұрсақ боламыз, Үйрек ұшып, қаз қонса, сарқылмаған сабамыз...
    Бұл Әлімғазының Байжігіт би мен Тоқтарқожаның ұрпағы екенін дәлелдейді. Яғни, Балқаш Бафин шындықты айтты, Әлімғазы Байжгітіттің және Шайбақ ханның(Мұаммед шайбани ұрпағы).
  4. «Атамыз Тоқтар қожа Сәйбек ханнан, кезінде озған екен мың мен саннан» - Байжігіт руы араыснда кең-таралған мақал.
  5. Қырықмылтық Сүлеймен бидің шежіресіндегі: «Тарихты енді айтамын Тоқтарқожа, Сәдібек хан баласы тегі таза» деген шумағы Байжігіттің арғы тегі хан тұқымынан екенін тағы да айғақтайды.
  6. Осы сұрақтың жауабын осындай аңыздардың басын қосып талдай келе 1991 жылы Нығмет Мыңжан айтқан. Оның дерегі бойынша:
    «Дарабоздың түп атасы Өзбек хан, одан Қаракерей Қабанбайға дейін он бес ата, Қабекең он алтыншы. Және ең қызығы, Өзбек ханнан бергі аталары түгелдей «хан» деп аяқталады. Тоқтыхан, Тоқтамысхан, Тоғасхан, т. б.».<ref name=":1">Нығмет Мыңжан - Қазақтың қысқаша тарихы, [8. 18 бет].</ref>
    Бұл аңыздарда айтылатын Сәйбек ханымыз – сол Мұхамет Шайбани. Шежірелер мен ауызекі деректер бойынша ол кісінің аты Шаһибан, Шайбан, Шахибек, Сақибек, Сайбек болып өзгеріп айтыла береді.  Осындай шежірелерге қарап көпшілік Тоқтарқожаны Шыңғыс хан әулетінен деп санайды.<ref name=":1" />
  7. Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы - Қамал Әбдірахманның "Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 325 жыл" мақаласынан үзінді:
    "Тоқтарқожаның атасы Сәйбек хан мен анасы Жұпар - қазақтың ханы Әз-Жәнібекпен сыйласымды болды. Жұпар ана Жәнібекпен тең сөйлседі..."<ref>Қамал Әбдірахман "Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 325 жыл"</ref>
  8. Шежіреші Ахмади Сүгірбайұлы да "Тоқтарқожа - Шайбақ ханның баласы" деп айтады.<ref>"Ахмади шежіресі"</ref>
  9. Сүлеймен би өз шежіресінде "Тоқтарқожаның 9 атасының барлығы да хан болған" дейді. Бірақ неге 9 ата? Бұл көшпенділердің 7(9) ата жүйесімен байланысты болса керек. Өйткені, мысал үшін қазақтар мен қалмақтардың арасында барлығы дерлік 7 атасын(торлмуд), ал халха-моңғолдар мен буряттар 9 атасын(есон үе) біледі. Сондықтан Сүлеймен би Тоқтарқожа шежіресінде 7 (немесе 9) атаның бәрі хан болғанын көрсеткісі келіп, осы арқылы Тоқтарқожаның тектілігін көрсетпек болған.<ref>"Сүлеймен би шежіресі"</ref>
  10. Балқаш Бафин «Ата шежіре» атты еңбегінде Шайбани ханның шежіресін осылайша тарқатады:
    Күшік хан - Болат - Жармұхаммед - Сүйініш сұлтан - Мұхаммед Шайбани - Тоқтарқожа - Байжігіт<ref>Балқаш Бафин - "Ата шежіре"</ref>.

Осы шежіре-деректердің барлығы Тоқтарқожаның(Байжігіттің әкесі) Мұхамед Шайбаниден тарағанын, яғни хан тұқымынан екенін дәлелдейді.

яғни Байжігіт руының шығу тегі жайлы бірінші теория - осы үшеуінің ішінде шындыққа ең жақыны.

Байжігіттің ұлы - Тоғас хан

Шайбанид теориясын дәлелдейтін тағы бір мысал - ол Тоғас хан. Байжігіт руының тарихында Тоғас хан есімі айрықша орын алады. Шежірелік және ауызша деректерде оның Есім хан дәуірінде үш ай бойы хандық билікті уақытша иеленгені айтылады.

  1. Зейнолла Сәнік «Абылайдың бас батыры» деген мақаласында:
«1627 жылы Бәйжігіттен туған Жұмық, Тоғас, Мәмбетке үш қыз тарту етілді. Нарбике Мәмбетке, Қызбике Жұмыққа, Асылбике Тоғасқа бұйырыпты. Оның үстіне Тоғас батырды үш айдай хан тағына отырғызып үлкен қошемет көрсеткен» - деп жазады<ref>Зейнолла Сәнік - "Абылайдың бас батыры"</ref>.
Бір рулы ел есімін иеленіп отырған Жәнбике ананың да осы қатардан екені даусыз, оның Назар батырға бұйырғанын айғақтайтын ауызша да, жазбаша да деректер жеткілікті. Назар Байыстың шөбересі болғанда Жұмық, Тоғас, Мәмбет те шөбере жиендері, заман тұстары бір болған соң тізе қосып жауға бірге шабуы заңды.

Соғыста батырлық көрсеткеннің бәріне сый сияпат жасалады, ал «хан» атағы екінің біріне беріле бермейді. Бізді батыр бабаларымыз даңқты Жалаңтөс баһадүрмен замандас болған, бірге қимыл - қызмет жасаған.

2. Оған белгілі ақын Несіпбек Айтұлының «Жалаңтөс» поэмасындағы мынадай жолдар дәлел бола алады:

«Жалаңтөс қамал бұзған алдыменен, көрсетіп сол соғыста ерлік ерен» дей келе Есім ханның алдына қолға түскен Тұрсынның келтірілгенін, Жалаңтөстің ерлігінің басымдау болғанын сипаттай келіп:
«Есімнің әмірімен Тоғас батыр, Тұрсынның шауып тұрып басын алған» деп толғайды.<ref name=":0">Несіпбек Айтұлы - "Жалаңтөс"</ref>
Бұдан байқайтынымыз, Есім ханның ескі салтты берік сақтап «Ханның басын хан алады» деген қағиданы бұлжытпай орындағаны. Әрі қарай қанша ерлік жасаса да, талассыз лайық болса да Жалаңтөстің хан болып сайланбау себебін:
«Бір кесіп екі қайта байламайтын, Есімнің саясаты айдан айқын. Болмаса Ақсүйектің тұқымынан, Ол кезде қарадан хан сайламайтын» - деп жырлайды.<ref name=":0" />
Кіші жүз алшыннан шыққан, қиын-қыстау кезеңде елдің қорғаны болған кесек тұлға Жалаңтөс баһадүрдің Есім ханға өкпесі де болғанға ұқсайды. Поэмадағы
«Жалаңтөс Самарқанды мекендеген, Ойы жоқ қазағынан кетем деген. Есімге өкпелейтін сыңайы бар, хандыққа қарасынып көтермеген»<ref name=":0" />
деген жолдар осының айғағы. Міне осы деректер Тоғастың хан тұқымынан екенін талассыз дәлелдеп тұр. 3. Оған қоса, Қабанбай батырдың тарихын 40 жылдан бері зерттеп жүрген Камал Абдрахманов Тоқтарқожаның хан тұқымынан екенін  дәлелдей түсу үшін одан әрі қарай:
«Қаракерей Қабанбай 1724 жылы Түркстанда хан сайланды. Бұл – факт. Оның немере атасы Тоғас хан сайланды. Ар жағында шежіре мақұлдайтын тағы да тоғыз хан бар» деп сабақтайды.<ref>Абдрахманов К. Қабанбайдың атасы Тоқтарқожа. – NaimanKZ. Yvision.kz.</ref>
Тоқтарқожаның бір ұлы  Мәмбеттің немересі  Қабанбайға Абылайдың  «Хан батыр» атағын беруі Ұлы қолбасшының батырлығы мен қатар тегіне де  құрмет көрсеткені шығар.

Өмірбаяны

Шежіре бойынша Найман тайпасының Қаракерей руының Мейрам бөлімінен тараған<ref>https://arqau.kz/kz/article/toqtarqoja-turaly-anyz-ben-aqiqat.html Үлгі:Webarchive</ref>.

Байжігіттің әкесі Тоқтарқожа - Бұқар хандығының ханы Мұхаммед Шайбанидің ұлы болған деген теория бар.<ref>"Есенгелді би: тарихы мен шежіресі", Алматы 2025.</ref>

Бәйжігітке шешендік, ақындық анасынан дарыған. Байыс биден билік, шешендік өнерді жастай тағылым алған Бәйжігіт би 14 жасында билік айтады. Халыққа ділмарлығымен, ақыл-парасатымен, әділдігімен танылған oл “Ұлыс биі” атанады. Бәйжігіт биден Жұмық, Тоғас, Мәмбет, Алыс, Қарақұрсақ, ал Мәмбет ұрпақтарынан Қабанбай батыр тарайды. Бәйжігіт биден тарайтын ұрпақ, негізінен, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Мақаншы, Алматы облысының Алакөл өңірін, Шыңжаң өлкесін (Қытай), кейбір аталары Түркияға кетіп сол жерде қоныстанған. Жасынан билікке араласады. Содан ұзақ жылдар бойы Қаракерейде Мұрын елін билеп, өзінің әділдігі, ділмарлығы, ақыл-парасатымен әділетті "Ұлыс биі" атанған. Бәйжігіт биден Тоғас, Жұмык, Мәмбет аталары. Жұмықтан Қожан батыр, ал Мәмбет ұрпағынан атақты Ерасыл Қожағұлұлы Қабанбай батыр тарайды. Қаракерей Қабанбайдың жоңғар басқыншылығы кезінде Абылай ханның Бас батыр қолбасшысы болғаны аян.

Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт

Қазақ шежіресінде жеті Байжігіт кездеседі. Олардың бәрі шетінен би, шешен, ақын, жырау, күйші болыпты делінеді. Ал, Қазақ Совет энциклопедиясында (2 т.) екі Байжігіт аталады. Бірі - Сіргелі тайпасынан шығады. Ол Байжігіттен Амалдық, Көшімбай, Келімбет, Оразымбет ұрпақтары таралады. Екінші - Найман тайпасына жататын ру. Байжігіттерді жіктеп беретін тағы бір дерек бар. Ол халық сазы аспаптар мұражайының аға ғылыми қызметкері Омар Қаймолдаұлының талдауы. Ол былай жазады: -Біріншісі - "Ұлыс биі", Байыс қызы Ақмақта ақыннан туған екі ұлдын бірі Байжігіт. Нағашы жұрты Төлегетайдың Қаракерей тайпасының тізгінін ұстаған биі, ал Жанжігіт әкесіне еріп Хиуа, Хорезм, Самарқан маңында ірге тепкен. Үрім-бұтағы осы күні бар. "Ұлыс биі" аталған Бәйжігіт дүниеден қайтқанда бәйбішесі былай дей жоқтау айтыпты деген сөз бар: - Бісміллә сөзден бастайын, Асығыс айтып саспайын. Бұлаңдап жүрген бағланым, Қысқа болды-ау ғұмырың, Аяққа кұйған астайын Құдай қосқан қосағың. Зарлап қалды-ау жастайын. Бес атаның баласы Мына бір сөзге қарашы! Сенген жаксың кеткен соң, Кімге сеніп жүрсіңдер? Алыстап бара жатыр ғой, Ағайынның арасы. Артықша туған арыстаным Мақшарда біткен жарасы. Әуедегі жұлдызым Су ішінде кұндызым Ай касында Шолпаным Хан қасында сұлтаным! Суытып қойған тұлпарым Тұғырдағы сұңқарым Төрге шықса төбедей. Төбеге шықса төредей. Саяға кеп шақырсам, Келер ме екен құрмалым. Тарбағатай, Алатау, Асуыңдай бел еді, Көз жеткісіз дариядай, Айдыны терең мол еді. Садаққа салған саржа оқ Жебесіндей ер еді Садаққа салған саржа сым, Тартпай да, шаппай бүлінді. Жау май да шашпай аспаннан, Басыма түман ілінді. Бір мен емес жылаған, Елдің бәрі егіліп Көзінің жасын бұлаған. Қадірің жұртқа білінді, Бес байыстың баласы, Мына бір сөзге қарашы. Қос қалқам қалды артында, Көзінін аты мен қарасы. Нағашын сенің Шаянбай, Қайын атаң Баянбай, Бес атаның қамқоры. Өзің сапар шеккен соң, Жұртыңа тықыр таянды-ай! Аңырап қалды артыңда, Таңдап алған зайыбың Байжігіттін ішінде Баянбай еді қайының. Алтыннан ер боятып, Жібектен таққан айылын. Жылаудан жұртым пайда жоқ, Артының берсін қайырын. Бас, бас, өлім, бас өлім, Бәрін де алған осы өлім. Арғын, Найман жиылса, Суырыла шыққан көсемім, Қара тілге дес бермей, Сөз сөйлеген шешенім. Жыладың деп сөкпегін, Қанеки, менің еселім?.. Екіншісі - "Қара таңдай" атанған шешен Байжігіт. Үшіншісі - "Суырыпсалма" атанған Байжігіт Ұбайұлы, уақ ұлысынан шыққан жырау. Төртіншісі - "Қос жетім" атанған, Байжігіттер. Бесіншісі - XVII ғасырда Көрпебай батыр бастаған, "Бес қасқа" атанған бес батырдың бірі Байжігіт Рыспетекұлы. Алтыншысы - ұлы Абайдың замандасы, "қасқа жорға" атанған XIX ғасырдағы Байжігіт Сүйіндікұлы, Абылайдың "Тоғыз тарау, тоқсан толғау" атты күйлерін әйгілеп, мадақ тұтқан домбырашы. Жетіншісі - "Қос міскер" атанған шеберлер, домбыраны бітеу ағашты қуыстап шабатын ағайынды, жол жорғалы Байжігіт және Ержігіт Мұсабек- ұлдары".

Байжігіт бидің әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары

Байжігіт Тоқтарқожаұлының әділ билік, адалдық жөнінде айтқан терме, толғау, нақылдары жинақтала қоймаған. Ел аузында айтылып жүрген бірлі- жарымы мыналар: Әділ бидің алдынан іс кетпейді, Жәбірлікті бекерге істетпейді. Ердің кұнын екі ауыз сөзбен шешіп, Абыройын кісінің еш төкпейді. Қылар жақсы түймеден түйедейді. Жөнін тауып әр істі жүйелейді. Жаман болса төреңіз ептей алмай, Ақ ісіңді қаралап күйелейді. Дұшпандарды әділ би дос қылады Жаман би дауыңа дау костырады. Бұл бір мақал киікті ата алмаған. Атамын деп киікті бостырады. Жақсы менен жаманның наркы баска,Айта берсең бірталай сөз болады

  • Қараша үй екен деп, Көп ауыл дан қашпаңыз. Тамаша үй екен деп Бай отауына қадам баспаңыз.
  • Құм үстінде ине сабақтама, Түсіп кетсе табылмас. Қонған үйді бір күнде адақтама,

Қоналқы ертеңге табылмас.

  • Берекесі кеткен ауылдың - Айтқаны өсек болар. Жатқаны төсек болар, Берекелі ауылдың - Айналдырғаны шаруа болар, Еккені тары, жегені жарма болар. 

Байжігіт биден тараған атақты тұлғалар:

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала



Үлгі:Stub