Базарбай Исаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базарбай Исаев - 1941 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы қазіргі Манап ауылында туған.

Қызылорда қаласындағы педагогикалық (қазіргі Қорқыт ата атындағы) институтының филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Шиелі аудандық «Өскен өңір», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында істеген. 1977—1986 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.

1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, 1990—1995 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сақшы» — «На страже» газетінде тілші, редактордың орынбасары, редактор, 1996 жылдан бастап шекара әскерлері Әскери институтының редакциялық-баспа бөлімі бастығының орынбасары, 1997 жылдан «Улан» — «Гвардия» газетінің бас редакторы, «Қазақстан сарбазы — Воин Казахстана» газеті жауапты редакторының орынбасары болған.

ҚР Қарулы Күштерінің запас-тағы полковнигі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.

«Отызыншы көктем», «Ақ жауын », «Ақ қайнар »,» Көктем шерткен күй», «Бақыт қүсы», «Қауышу мен қоштасу» , «Сезім селі», «Мөлдір», «Арайна» атты жыр жинақтары жарық көрген. А.Чайковскийдің «Алыс жүлдыздың жарығы» повесін, Н.Думбад-зенің «Алаң болма, апа!» романын, С.Радионовтың «Магнитофон-дағы жазу» повесін қазақ тіліне аударған. Жазушының «Өң мен түс», «Алтынай, ақ көйлек», «Көрбала және тергеуші», «Жігіт пен жендет» атты прозалық шығармалары бар.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}