Баб (атақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баб - (арабша - қақпа) – орта ғасырдағы ислам дінін уағыздаушылардың құрметті атағы. Бабтар қазақ даласының оңтүстік өңірінде халық тарапынан жоғары құрметке ие болған. Қожа Ахмет Иасауидің «Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Бабтар бабы Арыстан баб» деп айтатыны сондықтан. 9 – 10 ғасырларда жергілікті тайпалар – қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, оғыз-салжұқтардан және Қарахан әулетінен Бабтар көп шыққан. «Бабтардың бабы» есептелінген Арыстан баб Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған. Оның шәкірті Ысқақ бабты халық Баб Ата деп атаған. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде Баб Ата халықтың Баба Түкті Шашты Әзіз Баба Түкті Шашты Әзізге қойған аты делінеді және шын есімі Мұхаммед Бабаи деп те көрсетіледі. Қожа Ахмет Иасауидің Баб атағын алған шәкірттері халыққа ислам дінін, араб жазуын үйретуге ден қойып, мектеп-медреселер салдырған. Ондай оқу орындары Түркістанда, Сауранда, Сығанақта, Отырарда, Сайрамда, Шымкентте, Созақта ашылған. Оларда Жұм Ахмет Иасауи, Ғамал Қажы, Қожа Ахмет ибн Ахмет Шашти, Баб Ата, Әбутараб Бахши, Әбу Йазит Бистами, Гузи Ора Маргушы (Маргубс) дәріс берген. Бұлардың барлығы да Қожа Ахмет Иасауидің адамгершілік, ақиқат, әділет жөніндегі «хикметтерін» қадірлеген, ағартушылық жұмыспен айналысқан.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub