Ақ тұт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ақ тұт (Үлгі:Lang-la) – тұт тұқымдасы тұт туысына жататын ағаш.

Таралуы

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі, кейде жабайыланып кетеді.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15 – 20 м, бұтақтары сұрғылт қоңыр, жас бұтақтары үлпілдек болады.
  • Бүршіктерінің пішіні жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 6 мм-дей).
  • Жапырақтары 2-5 қалақшалы, қауырсынды тарамдалған, жиектері тісті тілімденген (ұзындығы 6-15 см, ені 4-10 см).
  • Тозаңқаптық сырғалары цилиндр тәрізді (ұзындығы 3 см), аналық сырғалары сопақша келген.
  • Гүлсерігінің сырты жалаңаш, шеттері тісті болып келеді. Аналық аузын ұсақ бүртіктер жапқан. Ақшыл жасыл, қызғылт, қара қошқыл түсті жемісшоғыры гүлтабанында жетіледі.
  • Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі – шырыны аз, жалған сүйекше.

Шаруашылықтағы қолданысы

Ақ тұтты негізінен жібек көбелегінің қорегі ретінде өсіреді. Жемісінің құрамында қант көп болғандықтан, тағамға, спирт алуға пайдаланылады. Ағаш тінінен (луб) жіп, арқан, картон, қағаз, жапырақтарынан сары және қара бояу алынады. Тұқымында 30%-ға дейін май болады. Жалпы ағаштың құрамы илік заттарға бай, сүрегі қатты, одан әр түрлі ағаш бұйымдары жасалынады. Әсемдік өсімдік, кейде оларды көшені көгалдандыру үшін отырғызады. Ақ тұт Маңғыстау облысында Солтүстік Үстірттен және Маңғышлақтан табылып, облыстың Қызыл кітабына енгізілген.

Галереясы

Гүлдер

<p style="font-size: 85%">Жемістер <p style="font-size: 85%">қабық <p style="font-size: 85%"> Ағаш

</center>

<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ тұт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}}

}}