Ақ терек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ақ терек (Үлгі:Lang-la) – талдар тұқымдасы терек туысына жататын ағаш.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20-25 м, жуандылығы 2 м-дей.
  • Діңі мен ірі бұтақтарының қабығы көкшіл сұрғылт болады.
  • Бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады.
  • Ақ терек - желмен тозанданатын қос үйлі өсімдік.
  • Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ұсақ түкті тұқымы желмен таралады.
  • Жемісі құты тәрізді.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы өзен бойларында, шалғындық жерлерде кездеседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

Ақ терек елді мекендерді көгалдандыру, өзен-көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Ақ терек 15 жылдан кейін 1 га-нан 200 м3 сүрек береді. <ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref> Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер