Ақ босаға (хабар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақ босаға» - хабарында «Салтыңды сақтай біл», «Анаға кеңес», «Ұлттық тәрбие - ұлы үрдіс» деген тақырыптарда кеңінен әңгіме-сұхбат, бейнетүсірілім (Атырау) түрінде дайындалды. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Негізінен танымдық мақсатта, халықтық салт-дәстүрлерді сақтау, шаңырақ шаттығы, ұлттық үрдісімізді бейнелей отырып, көрерменін ізгілік пен инабаттылыққа, көрегенділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Бұл бағдарламада қазақ әйелінің қоғамдағы орнын айқындау, жас отбасыларында кездесетін тұрмыстық мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету, тұрмысқа байланысты қазақтың ырым-жоралғылары (сәби күткен ана, шілдехана-бесік той, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, баланы атқа мінгізу-тоқымқағар, қыз ұзату, келін түсіру барысындағы жоралғылар т.с.с сонымен қатар меймандостық, ерулік, үме-асар, жылу-жәрдем, т.б. қамтылды.

Редакторы - Дина Құспанова. Ұзақтығы - 15 минут.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}