Ақсақал Қалмырзаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақсақал Қалмырзаев - (2.7.1936, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылы - 20.08.2013, Шымкент) - актер, Қазақстанның халық артисі (1993). Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ташкент театр-көркемсурет институтын бітірген (1957). Осы жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының труппасына қабылданады. Ол ұлттық және шет ел, орыс драматургтерінің шығармаларында ойнады. Қалмырзаев: Төлеген, Жалмұқан (Ғ. Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Ақан сері - Ақтоқты"), Сырым, Кебек, Абыз, Әлібек (М. Әуезовтің "Қарагөз", "Еңлік - Кебегі" мен "Айман - Шолпанында"), Сәкен Сейфуллин, Текеш (Ә. Әбішовтің "Сәлем, Сәкен атасы" мен "Мәдиінде"), Абылай (Қ. Бекхожиннің "Ұлан асуында"), Данияр (Ш. Айтматовтың "Аңсаған менің әнімсіңінде ), Фердинанд (Ф. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында") тұлғаларын сомдады.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1980), "Парасат" орденімен (2003) марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала