Ақсай минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсай минералды суы Алматы қаласынан батысқа қарай 13 км жерде, Төменгі Каменка ауданы маңында орналасқан шипалы жер асты суы.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты</ref> Ол 1900 – 2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. Ақсай минералды суының химиялық құрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды. Нөмірі 5-Т ұңғымасынан атқылап шығатын судың секундтық мөлшері 11 л, температурасы 55,5°С, минералды 6,1 г/л. Суының құрамында бром (12,5 мг/л), фтор (2,9 мг/л), йод (1,34 мг/л) және кремний қышқылы (52 мг/л) бар. Суында еріген газ негізінен азоттан (80,5 – 84,0%) тұрады. Ақсай минералды суы Алматы қаласының төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқ буындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсай минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}