Ақжар мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Ақжар мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Жарқамыс кентінің солтүстігінде 30 км жерде орналасқан. Құрылым 1961 жылы сейсмобарлау көмегімен табылды. Терең бұрғылау 1962 жылы басталды. Сол жылы Г-1 ұңғымадан өндірістік мәні бар мұнай алынды. Барлау қызметтері 1968 жылы аяқталды.

Геологиялық құрылымы

Кенорын тұзүсті шөгінділері бойынша үш қанатты құрылысы бар, беймәлім жарылымдармен тілгіленген тұз күмбезінен орын алған. Күмбездің орналасу тереңдігі 451-1248 м. Тұз штогының амплитудасы 800-1000 м. Солтүстік қанаты түсіңкі. Оның маңындағы ортаңғы юра мен төменгі бордың баррем және апт шөгінділерінің німділігі анықталды. Өнімді қойнауқаттар бетінің орналасу тереңдігі 273 м-ден 515 м-ге дейін жетеді. Қанат өлшемдері -260 м изогипса (баррем шөгінділерінің беті) бойынша 3,8x1,3 км. Оңтүстік-шығыс қанаты солтүстік қанатқа қарағанда көтеріңкі, тұйықталмаған, солтүстігі мен батысынан доға тәрізді лықсымамен шектелген. Қанаттың өлшемі -280 м изогипса бойынша (ортаңғы юраның беті) 3,3x1,2 км, онда тек ортаңғы юра шөгінділерінің ғана өнімділігі анықталған. Ашылған қима төменгі пермнің тұзды қатқабатынан, жоғарғы пермнің, триастың, юраның, төменгі бордың шөгінділерінен құралған. Барлық өнімді горизонттардың жинауыштары кеуекті, олар арасында саз қабаттары бар құмтастар мен алевролиттер болып табылады. Юра өнімді қабатының жалпы қалыңдығы 6 м-ден 40 м-ге, тиімдісі 2 м-ден 38 м-ге, мұнайға қаныққаны 7 м-ден 15,6 м-ге дейін өзгеріп отырады. Ашық кеуектілігі 16-27%, өтімділігі 0,8-0,32 мкм2. мұнайға қанығу коэффициенті 0,60-0,87. Жапқыш қалыңдығы әртүрлі сазды таужыныстардан құралған. Тұтқыштардың түрі жағынан жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жатындардың биіктігі 30-49 м.

Тығыздығы

Оңтүстік-шығыс қанаттың мұнайы тығыздығы бойынша орташа және ауыр салмақты (867-907 кг/м3), аз күкіртті (0,1-0,14%), бәсең парафинді (0,52-2,06%), мол шайырлы (15-21,5%) болып сипатталады. Солтүстік қанат жатындарындағы бастапқы қойнауқаттық қысым 31-32°С-та 4,6-4,8 МПа. Горизонттар бойынша мұнай шығымы солтүстік қанатта 12,8-14,8 м3 тәу-ке, оңтүстік қанатта 86 м3/тәу-ке дейін өзгеріп отырады.

Құрамы

Газдылығы 2-4 м33. Кен орнының мұнайы ауыр салмақты (890-927 кг/м3), тұтқыр, күкірті аз (0,25-0,42%), аз парафинді (0,25-1,5%), шайыры мол (28-54%) екені анықталды. Кен орны сынама игеру сатысында. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақжар мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}