Аян Өмірәліұлы Өтепберген
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Аян Өмірәліұлы Өтепберген (26 сәуір, 1992 жылы Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2012). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2016 жылдан).
Толығырақ
- Аян Өмірәліұлы 1992 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған.
- 2008 -2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы колледжге "Музыкалық драма және кино актері" мамандығы бойынша бітірген.
- 2011 - 2015 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының “Театр өнері” факультетін “Музыкалық драма театрының актері" мамандығы бойынша Асхат Маемировтің шеберханасында білім алды.
- 2011 жылдан Қазақфильм актері
- 2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында: М.Әуезовтің "Абайында" Айдар (реж. Е.Обаев), М.Омарованың "Ақтастағы Ахикосында" Ахиконың әкесі (реж. А.Маемиров) және т.б.
Кинофильмдері
- 2011 жылы Жаужүрек мың бала фильмінде Таймас рөлінде
- 2012 жылы Олимп шыңы телехикаясы
- 2015 жылы Рэкетир 2
- 2016 жылы Қазақ елі (телесериал) Бұрындық хан рөлінде
Марапаттары
- 2012 жылы Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды
- 2013 жылы Жаужүрек мың бала фильміндегі Таймас рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды.
- 2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталған.