Қазақ елі (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал Қазақ елі - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген телехикая.

Сериал туралы

Сериал Қазақстан телевизиясы тарихындағы тұңғыш тарихи сериал. Фильм бас-аяғы он бөлімнен тұрады. Алғашында фильм 20 бөлімнен тұрады деген ақпарат тараған еді. Бөлім сандарының қысқаруы ең алдымен уақыттың тығыздылығына байланысты болды. Фильмнің жеті бөлімі Қазақ хандығының негізін қалаған хандар Керей мен Жәнібек заманын суреттейді.<ref>http://rus.azattyq.mobi/a/serial-kazakh-eli/26886317.html</ref> Қалған үш бөлімі хандықтың іргесін кеңейтіп, орнықтырған Бұрындық, Қасым хандарға арналмақ. Фильм қазақ жастарының патриоттық сезімін күшейту жолында үлкен рөл атқарады.

Фильмнің режиссері - "Елбасы жолы", "Құрақ көрпе" фильмдеріне режиссерлік еткен Рүстем Әбдірашев болып тағайындалған. Екінші режиссер - Ермек Тұрсынов (Шал, Келін фильмдері). Фильмнің бюджеті 5 млн АҚШ долларды құрайды. Фильмнің 7 сериясын Рүстем Әбдірашев өз тобымен түсірді. Қалған 3 серияны Ермек Тұрсынов түсірді. Түсірілім барысында 4 қала тұрғызылды. Түсірілім жұмыстары Түркістан қаласында жүргізілді. Фильмде "Моңғол", "Көшпенділер" түсірілімінде қолданылған реквизиттер пайдаланылады. "Орда" фильміндегі сауыт-саймандар сатып алынуы да мүмкін. Қазіргі уақытта сценарий толығымен жазылып біткен. Фильмге 99 пайыз қазақстандық актерлер түседі. Түсірілім жоспар бойынша күзде аяқталып 16 желтоқсанда, яғни тәуелсіздік күні тұсаукесері болмақ. <ref>http://m.tengrinews.kz/kaz/cinema/kazak-handyigyi-turalyi-serial-tusrled-257959</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Бастама