Ахметолла Қалиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ахметолла Қалиұлы.png
Ахметолла Қалиұлы

Ахметолла Қалиұлы - 1940 жылы 15 қазанда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, Толы ауданына қарасты Жайыр тауының Қарабауыр бөктеріндегі Құрымтыққан деген күзеулікте туған. Сауатын молдадан ашқан. 1954 — 1958 жылдары Іле педагогикалық университетінде оқыған. 1958 жылдың 7 айынан бастап «Үш қазақтың түтінін қосуды» бағдарлама еткен ұлтшыл, «Үміт» ұйымының саяси комиссары» деген жаламен екі жыл қуғында, бақылауға болып, Құлжа қаласы маңындағы Аәнтәйзі көмір шахтасында көмір қазған. 1959 жылдың аяғында Алтай аймағы, Жеменей аудандық N91 орта мектепте әдебиет пәнінің мұғалімі болды. 1960— 1970 жылдары N«2 орта мектепте ғылыми мүдір қызметін атқарды. 1962 жылдан бастап тағы да жоғарыдағы жалаға «түзетімпаз» деген атақ қосылып, қуғында жүрген. 1966 жылы «Мәдениет төңкерісі» басталғанда, «буржуазия зиялысы», «ұлттық бөлшектеуші» деген айдар қосылып, қуғын-сүргінде болды. 1980—1995 Үрімші қаласында ұлттық «Шыңжаң халық баспасында» аға редактор атағымен қазақ бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарды.1996 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

  • Сын мақалалар. Жинақ. «Іле халық баспасы», 1983;
  • Жапырақ. Өлеңдер жинағы, «іле халық баспасы», 1983;
  • Қай дар. Повесть. «Халық баспасы», 1984;
  • Арда Алтай. Роман. «Халық баспасы», 1987;
  • Арыс. Повесть. 1987;
  • Атаман қызы. Әңгімелер, повестер. «Ұлттар баспасы». 1991;
  • Қазақтың түрмыс-салт жырлары. (Қүрастырған) «Шыңжаң халық баспасы», 1995.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}