Ауыл тілі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ауыл тілі — газетті РК(б)П ОК-тінің 1925 жылы наурыз айындағы қазақ баспасөзі туралы қаулысына орай Қызылорда қаласында (27.07.1926-12.02.1929) шығып тұрды.
Құрылтайшылары: Қазақ өлкелік партия комитеті, ҚАКСР ОАК-і, кәсіпшілер одағы, Сырдария губерниялық партия комитеті мен атқару комитеті. Алғашқы редакторлары — Жалау Мыңбаев, Елтай Ерназаров, Бейімбет Майлин.
Газеттің негізгі бөлімі “Ауыл тұрмысында” ауылдағы өзгерістер, шаруалар жайы, жұмысты жақсарту шаралары жазылды. С.Сейфуллиннің “Ауыл байғұс, мінекей”, С.Мұқановтың “Қысқы кіреші” өлеңдері, Б.Майлиннің “Рахиланың көк тұсағы” әңгімесі, І.Жансүгіровтің “Қонақтар мен қожайын” сықағы ең алғаш осы газетте жарияланды. “Ауыл тілі” елді кеңестендіру, шаруаларды өкімет ісіне қатыстыру, жұмысшылар мен шаруалар одағын күшейту саясатын насихаттады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}