Ас үйді әсемдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kuhnq 1 IMG 1227.JPG
Ас үй жиһазы

Ас үйді әсемдеу. Жабдықтар мен жиһаздардың түсін таңдауда бөлменің мақсаты мен табиғи жарығы ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге жарықтың әсері, материалдардың суреті мен фактурасы, қабырғалар болуының қанықтығы және бұлардың арақатынасы да ескерілуі керек. Әйтпесе ас үйде тамақ әзірлеуші тез шаршайды, тіпті көзге зиян болуы да мүмкін (Жарық мақаласын қараңыз). Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет. Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы бояудан басқа поливинилацетатты, су-эмульсиялы тағы басқа сырлар, ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы тұсқағаздар қолданылады. Еденге қойылатын және қабырғаға қағылатын шкафтар аралығындағы кабырғаны мықты, жылу мен суға, түрлі химиялық әсерлерге төзімді материалдармен (глазурленген керамикалық плиталар, сәнді қағаз қабатты пластиктер, ағаш талшықты эмальданған қатты плита) қаптау керек. Биіктігі 2,5—2,7 м ас үйлердің қабырғалары сырлаған дұрыс немесе еденнен төбеге дейін тұс қағаз жапсырыл тастаса да болады. Құрама әсемдеу әдісі де қолданылады. Ол үшін тамақ ішетін столдың тұсына ылғалға төзімді тұсқағаз жапсырылады да, қабырғаның қалған бөлігі түсі жағынан үйлесетіндей етіп сырланады. Ас үйдің еденіне тазалап тұруға ыңғайлы, аяқ таймайтын және дыбысты бәсеңдетуге септігі бар материалдар төсеуге болады. Көлемі шағын ас үйлерге суретті материалдарды көп қолдануға болмайтынын әрқашан есте ұстау керек. Бір түсті жабдықталған ас үй еденіне ұсақ суретті материал (теңбіл түсті линолеум, плиткалар) төсеуге, ал қабырғаларына ірі су ретті, анық көрінетін материал қаптауға болады. Егер еденге екі түсті плитка немесе әр түсті линолеум төселсе, ас үй мебелінің түсі едендегі сурет түрінің біріне ұқсас болуға тиіс немесе оның бейтарап, яғни табиғи ағаш түсті пленка болғаны дұрыс (сондай-ақ Линолеум мақаласында қараңыз). Ас үйдің қандай түске сырланып, боялуы, оның орналасу бағытына байланысты болуға тиіс. Егер ас үй солтүстікке, солтүстік-шығысқа не солтүстік-батысқа қараған болса, бөлменің түсі жылы гаммалы, піл сүйегі, ашық лимон түстес, ал оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа, оңтүстік-батысқа қараса, салқын гаммалы (ашық сұр, ашық көк) болғаны дұрыс. Еденнің түсі қабырға түсіне қарағанда анағұрлым қанық, жалтырау коэффициенті мол (40—50%) болуға тиіс. Қабырға және төбеге ашық түс қолдану ас үйді кеңейтіп көрсетуге, сондай-ақ бөлмеге жарықтық жақсы түсуіне мүмкіндік береді. Ас үй мебелі — тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді. Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін стол, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады. Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкаф тарлан тұрады. Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, ауа тазартқыш, электр шамы, сағат, таймер т. б. енеді. Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-стол, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы т. б. шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады. Ас үй жабдықтары мен мебель жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер (158—160 ем) үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 ем, ені 60 ем болғаны қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының ең дұрыс биіктігі 210 ем, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 85 ем шкаф-столдар азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен ассулықтар сақтауға арналған. Шкаф-столдар, жылжымалы пластмасса жәшіктерімен, бөлгіш тақтайлармен, алмалы- салмалы сөрелермен; бұрышқа қойылатын шкаф-столдар айналмалы сөрелермен жабдықталған. Отырып жұмыс істеу үшін шкаф-столдардың еденнен биіктігі 65 ем суырмалы тақтайы болады. Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қаралады; мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың ауа бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240 см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасында сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттарын сақтауға арналған. Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелермен, астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған. Тоңазытқыш астына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арналған; оның да жылжымалы тор жәшіктері болады. Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады. Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатың ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс келтіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар. Ас үй мебелінің құрамына (сатып алушының қалауы бойынша) ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған, қабырғаға орнатылатын электр шамы. электромеханикалық сағат, таймер және қалдықтар салынатын контейнер енгізіледі. Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі. Люминесцентті лампасы немесе қалпағы бар қабырға электр шайы қабырғаға немесе шкафтың астына қондырылады (Жарық беру мақаласын қараңыз). Әсем панельге бекітілген сағат пен таймер де ас үй мебелінің құрамына енеді. Оны қабырғаға қыстырылатын шкафтың астына, ас әзірлейтін столдың үстіне қондырған ыңғайлы. Ас үй мебелін әсемдеуге полимерлі әсемдеу материалдары — өрнекті қағаз қабатты пластик, текстуралы пленкалар, эмальдар мен лактар кең қолданылады. Еденге қойылатын шкаф-столдардың жұмыс істеуге арналған беті, алдыңғы жағы, олардың үстіңгі беті мен аяқтарын бекіткен кергіш жиектері өрнекті қағаз қабатты пластиктермен қайт алады. Алдыңғы жақтарының, сондай-ақ текстуралы пленкалармен — түрлі түсті суретті немесе нақты ағаш сияқты материалдармен де қайталаушы бар. Столдың бет жақ фурнитурасы үшін түсті металдардың қорыгпасы, пластмасса, ағаш қолданылады. Көкөніс және құрғақ азық-түліктер салуға арналған ыдыстар, сөрелер мен штангалар, жабдықтардың т. б. бөлшектері тез сына қоймайтын полистиролдан жасалынады. Ас үй мебелін әсемдеу үшін қанықтығы 40%- тен аспайтын, жалтырау коэффициенті 20— 50% ашық түс ұсынылады. Ас үйі асхана ретінде пайдаланылатын пәтерлерде беттің көлемі 60X110 немесе 80X120 стол мен бірнеше орындық болғаны дұрыс. Қолдан жасалынатын тақтай орындықтар (табуретка) пайдаланудың қажеті жоқ. Оған отыру, біріншіден, ыңғайсыз, екіншіден қатты шаршатады. Тар жерде аз орын алатындықтан, шағын ас үйлерде жайылмалы немесе қайырмалы столдар пайдаланған жөн.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ас үйді әсемдеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}