Ауа тазартқыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауа тазартқыш (тұрмыстық)ас үй ауасын плита оттығында толық жанбаған газдың зиянды қалдықтарына тамақ дайындау кезінде шашыраған майчыс пен күйіктің иістен тазартуға арналған аппарат. Ол ас үй мебелімен бірге тұтас болады немесе газ не электр плитасының үстіне (700— 900 мм биіктікте) қабырғаға орнатылады. Бұл деңгей аппараттық температуралық қалыпты режимін және ауаны тиімді тазартуын қамтамасыз етеді.

БЭВ—1

БЭВ—1 ауа тазартқышының қорабында желдеткіш жүйе болады, ол ас үйге етпе жел келмеген жағдайда, оның ауасын тазартуға жәрдемдеседі. Аппарат қорабының төменгі жағы ауаны ыстан, майдың кеңірсіген иістен т. б. тазартатын сүзгісі (аэрозольді сүзгі) бар қақпақпен жабылған. Ауа тазартқыш қорабының ішінде бактерицидтік сынап-кварцты лампа, жарық түсіретін шам мен басқару блогы орнатылады. Қораптың жоғарғы бөлігінде, бактерицидті лампаның үстінде ау айы газдан тазартуға арналған сорбент-катализаторы бар екі кассета болады. Ауа тазартқыштың алдыңғы бөлігі басқару блогының клавиштері орнатылған әсем панельмен қаралады. Оның плитаға қараған төменгі бөлігінде жылжымалы қақпақша болады. Ол шштадан шыққан лас ау айы тұтқыш қызметін атқарады.

Желдеткіш іске қосылғанда

Желдеткіш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда (аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ал, бақтерицидті шам ды (ультракүлгін сәуле көзі) қосқанда ауа стерилизацияланады. Бөлме ішіне осылайша тазартылған ауа жіберіледі. Ауа тазартқыштың желдеткіш! ауаның жедел циркуляциясын тудыра отырып, ас үйдегі жылуды бірқалыпты таратады, бөлме қабырғасында бу конденсациясының түзілуін болдырмайды. Ауаны неғұрлым жақсы тазарту үшін тамақ дайындаған соң, ауа тазартқышты бактерицидті шаммен бірге іске қосулы күйі нде 20—30 минут қалдыру керек. Ауа тазартқыш іске қосылып тұрғанда, тамақ дайындау қажет болмаса, газ плитасын жағуға болмайды. Себебі, сүзгі материалдық, лаксырлы қабаттың және пластмасса детальдардың бүлінуі, сондай-ақ аппараттық қызыл кетуі мүмкін.

Қолдану тәртібі

Жайып тұрған бактерицидті шамға тура қарауға болмайды, өйткені одан (ауа тазартқыштың төменгі қақпағын алып тастаған кезде) көзге зиян келуі мүмкін. Ауа тазартқыштың сүзгісіне шөккен заттарды мезгіл-мезгіл (алты айда 1 рет) тазартыл тұру керек. Тазалау шеберханада, қажет болған жағдайда, үй жағдайында жүргізіледі. Ол үшін ауа тазартқыштың қақпағын ашып, сүзгіш 2—3 сағат синтетикалық мат айы жууға арналған ерітіндіге салып қою керек. Содан кейін сүзгіш мұқият шайып, еппен сығады. Кептіру үшін ылғалды сорыл алатын матаның үстіне жайып, кепкен соң ауа тазартқыштың қақпағына серпінді қапсырмамең беттің, қақпақты орнына қояды. Сорбент катализаторды регенерациялау үшін оны пластмасса кассетадан жуылып тазартылған, кептірілген табақшаға ауыстырыл, плита духовкасының ортаңғы бөлігіне қою қажет. Осы күйде сорбентті 3—3,5 сағат бойы 250—300 СС температурада қыздыру керек. Қызған кезде сорбенттің зиянсыз болғанымен, тым жағымсыз иісі шығады. Сондықтан ас үйдің терезесін ашып, есікті жауып тастаған (мүмкіндігіне қарай алғашқы бір сағатта) жөн. Өңдеуден өткен сорбентті кассетаға салып, ауа тазартқышқа орнатады. Сорбент ретінде пайдаланылатын активтелген көмірлі белгілі уақыттан кейін жаңа оймен алмастырады. БЭВ-1 (сорбентсіз) ауа тазартқышының сал-мағы 20 кг, мөлшері 550X600X250 мм. Тұтынатын қуаты 50 Вт, 220 В кернеуге есептелген. <ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ауа тазартқыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}