Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров 1970 жылы 29 мамырда Қызылорда қаласында туған.
- Мәскеу гидромелиорация институтын (1994) инженергидротехник мамандығы бойынша, Еуразия нарық институтын (1999) экономист мамандығы бойынша бітірген.
- 1994 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда филиалының жинақ ақша бөлімінің бастығы.
- 1997 жылдан -«Қазақойл» ҰМК Атырау қаласындағы өкілдігінің қаржы бөлімінің менеджері, «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржылық талдау бөлімінің, қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бастығы.
- 1998 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржы дирекциясыныңдиректоры.
- 1999 жылдан «Ембімұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Ембі» ААҚ бірінші вице-президенті.
- 2000 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті. 2001 жылдан - «ЕигоАзіаОгоир» басқармасының төрағасы.
- 2002 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті,
- 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының экономика және қаржы жөніндегі бірінші орынбасары.
- 2005 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Қоғамдық және қайырымдылық қызметі
Әубәкіров Асқар Әкімбайұлы өңірлік әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысады. Ол Қызылорда қаласы мен облысында әлеуметтік жағынан осал топтарға, соның ішінде қарттар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қаржылық және қаржылық емес қайырымдылық көмек көрсеткен.
Сондай-ақ өңірдегі мәдени-әлеуметтік салалардың дамуына үлес қосып, білім алу, медициналық емдеу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мәдени нысандар мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағыттарындағы бастамаларға демеушілік жасаған.
Марапаттары
- «Парасат» ордені (2023)
- «Құрмет» ордені<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>