Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев (1 шілде 1937, Алматы) — кеңестік және қазақстандық мемлекеттік қайраткер, саясаткер, инженер және академик. 1993–1994 және 1995–1997 жылдары Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аумақтық даму министрі. ҚР еңбек сіңірген инженері және құрылысшысы. Миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі.

Қызметі

Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инженер, басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1983–85), Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы "Материалдық қорлар жөніндегі" мемлекеттік комитет төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты комитетінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті.

Марапаттары

«Новые ресурсосберегающие технологии модифицированных строительных материалов» (Түрлендірілген құрылыс материалдарын үнемдеудің жаңа технологиялары) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. ҚР Мемлекетінің (2003), ЮНЕСКО-ның Халықаралық сыйлықтарының лауреаты.

«Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Отбасы

Тимур ұлынан көрген төрт немересі бар: Алтай (1990 ж.т) , Дениза (2004 ж.т) , Нәби (2008 ж.т) және Алишия (2010 ж.т ).<ref>Тимур Құлыбаев тағды да әке атанды</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер