Асхат Советханұлы Жұмабеков
Үлгі:Тұлға Асхат Советханұлы Жұмабеков (5 шілде 1989 жыл, Семей) — қазақстандық педагог, ғалым. Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2024). «Шапағат» медалімен марапатталған (2025)<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Global Teacher Prize Әлемнің үздік ТОП-50 педагогтердің қатарына кірген алғашқы қазақстандық мұғалімі, Global Teacher Prize Елшісі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қазақстан Республикасының «Үздік педагог-2018» атағының иегері<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. «Қазақстан мұғалімі Ұлттық сыйлығы» конкурсының үздік 10 финалистінің бірі<ref>Үлгі:Cite web</ref>. «Семей қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері (2019)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Citeweb</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Өмірбаяны
Асхат Жұмабеков 1989 жылғы 5 шілде күні Семей қаласында дүниеге келген. Көпбалалы отбасыда туып өсті. Орта жүздің Арғын тайпасы Тобықты руынан шыққан<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бала кезінде мектеп хорында, кейін 5 жыл бойы Семейдегі «Айнхайт» қалалық мәдениет сарайында неміс әні мен биі ансамблінің солисі болған. Сонымен қатар, конькимен жүгіру спортымен айналысқан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Білімі
Мектепті бітіргеннен кейін 2009 жылы мемлекеттік грант негізінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы оны үздік бітірді. Үш мәрте президенттік стипендияның иегері атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін бітіріп, магистр дәрежесін алды.
2016 жылы халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында<ref>Үлгі:Cite web</ref> Финляндияның JAMK University of Applied Sciences университетінде білім алып, PhD дәрежесіне үміткер атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2022 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің докторантурасын тәмамдады.
Жұмабеков Асхат «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD кандидаты<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Үш тілді жетік меңгерген, ол Сингапур, Финляндия, Чехия және Ресейде халықаралық тағылымдамадан өтті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Еңбек жолы
2013-2024 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарында жұмыс атқарды.
2013-2022 жылдары «Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» дербес білім беру ұйымының физика мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі-зерттеушісі болып жұмыс істеген.
2022-2024 жылдары «Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» дербес білім беру ұйымының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және физика пәнінің мұғалім-зерттеушісі қызметін атқарды.
2022-2024 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физика пәнінің оқытушысы болып еңбек етті.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы «Shoqan Academy» директорының орынбасары және физика пәнінің мұғалімі.
Асхат Советханұлының түлектері – Стэнфорд университеті, Джорджия технологиялық университеті, Гонконг Политехникалық университеті, Нью-Йорк университеті, Карнеги Меллон Университеті, Джорджтаун университеті, Будапешт университеті, Назарбаев Университеті және басқалар сияқты жетекші университеттердің стипендиаттары болып табылады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қоғамдық және педагогикалық қызметі
Global Teacher Prize
2019 жылы Асхат Жұмабеков «Қазақстан мұғалімі Ұлттық сыйлығының» конкурсының номинанты атанып, жаһандық «Әлем мұғалімі» сыйлығына үміткер болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2021 жылы Асхат Советханұлы Жұмабековтің есімі педагогикалық еңбегі үшін Әлемнің үздік 50 мұғалімінің қатарына кірді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл ретте Асхат Советханұлы Global Teacher Prize сыйлығының 50 финалист-мұғалімінің бірі атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл тізімде Жұмабеков 11-орынды иеленді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Оған қоса, Асхат Жұмабеков Global Teacher Prize сыйлығының елшісі (амбассадоры) атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Global Teacher Prize сыйлығы – педагогтар арасында ең беделді жаһандық марапат, оны педагогтарға берілетін «Нобель сыйлығы» деп те атайды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қоғамдық қызметі
2011 жылдан бері «Невада-Семей» ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен серіктесе отырып, радиациядан туатын мәселелер мен Семей полигонының проблемалары жайында ғылыми жұмыс жүргізіп<ref>Үлгі:Cite web</ref>, бірқатар мақала жариялады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қозғалыстың президенті Олжас Сүлейменов Жұмабековтің осы еңбегін жоғары бағалап<ref>Үлгі:Cite web</ref>, 2019 жылы мерейтойлық медальмен марапаттаған еді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Асхат Жұмабеков – 3 кітаптың, 1 монографияның, 5 авторлық бағдарламаның, 10 авторлық құқықтың авторы, және де журнал мен газеттерде, материалдар жинақтарында, Қазақстан, Германия, Финляндия, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы және Украина жоғары оқу орындарының хабаршыларында жарияланған 70-тен астам ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының 100-ден астам жүлдегерлерін тәрбиеледі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен ТМД мұғалімдерінің съезінде делегация құрамында болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Жыл сайын физика пәні бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандартының жобасын әзірлеу және жетілдіру бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жұмыс тобының құрамына қатысады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Асхат Жұмабеков педагогикалық қауымдастықтың атынан жиі сөз сөйлейді, жас мамандармен және студенттермен кездеседі<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол ұстаздық жолындағы жетістіктері мен тәжірибесін бөлісу мақсатында түрлі форумдарда, конференцияларда және жастарға арналған іс-шараларда баяндама жасайды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Болашақ педагогтерді даярлауға белсенді атсалысып, студенттерге мұғалімдік мамандыққа бейімделу жолында қолдау көрсетеді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Асхат Советханұлы өз білімін мен тәжірибесін ел және шетелдік педагогтермен бөліседі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- 2014 жылы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының мерейтойлық төсбелгісі;
- 2016 жылы — Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты;
- 2018 жылы — Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
- 2018 жылы — Қазақстан Республикасының «Үздік педагог-2018» атағының иегері;
- 2019 жылы — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
- 2019 жылы — Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының мерейтойлық медалі;
- 2019 жылы — «Семей қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері;
- 2020 жылы — Корея Республикасының Білім министрлігінің алғыс хаты;
- 2021 жылы — Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты;
- 2021 жылы — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алғыс хаты;
- 2022 жылы — Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаты;
- 2022 жылы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ғылым және білім» саласы бойынша «Жыл патриоты» атағы<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
- 2022 жылы — Global Teacher Prize сыйлығының амбассадоры<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
- 2023 жылы — Назарбаев Зияткерлік мектептері құрмет грамотасы;
- 2023 жылы — Нобель сыйлығы лауреатының алғыс хаты;
- 2023 жылы — Chegg және Билл Клинтон қорының алғыс хаты;
- 2024 жылы — Әзірбайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің алғыс хаты;
- 2024 жылы — «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
- 2025 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен білім беру саласындағы сіңірген еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ гуманизм, тәлімгерлік және ағартушылық қызметі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Фильмографиясы
- 2021 — «Замандастар» (Герои нашего времени). Асхат Жумабеков. Хабар (телеарнасы) — өз-өзін сомдаған.