Асхат Мұратұлы Садырбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Асхат Мұратұлы Садырбай (6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы) — журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар.

Өмірбаяны

1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады.

2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді.

2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады.

2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады.

2005 жылы Халықаралық Мамандықтар Институты жабылып, сол жылы 3-ші курсты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультеті, «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша сырттай оқу түрін жалғастырады.

2006 жылдың ақпан айында «Қазақстан» РТРК таңғы бағдарламасының жүргізушісі ретінде шақырылып,штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне Алматы қаласына ауысады.

2006 жылдың маусым айында Шымкенттегі «Қазақстан» РТРК АҚ ОҚО филиалына редактор-жүргізуші қызметіне қайта оралады.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Халықаралық қатынастар» факультеті, «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша оқуды бітіріп, «Халықаралық журналист» дипломын алады.

2009 жылы Алматы қаласындағы «Хабар» ААҚ шақыртуымен «Ел Арна» телеарнасына штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне ауысады.

2014 жылдың сәуір айында «Ел Арна» телеарнасынан «Хабар» телеарнасына ауысады.

Білімі

Үлгі:Толықтыру

Отбасы

2011 жылдың 8 тамызында Асхат Садырбай Ерке Есмаханмен неке қиды<ref>2011 жылғы 13 қыркүйектегі күн сайынғы дайджестi. www.adilet.gov.kz (14.09.2011)</ref>. Екі жылдан соң жұп ажырасты. Бұл некеден Мүслім деген ұлы бар<ref>Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама