Асхат Жетпісбекұлы Қадыркұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Асхат Жетпісбекұлы Қадыркұлов (14 қараша 1974 жыл, Ұзынағаш, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Клубтық

Кәсіпқой карьерасын Кеңес Одағы тарамай тұрып "Ақ Қанат" (Ұзынағаш) клубында бастаған. 1993 жылы тек қазақ балаларынан құралған "Намыс" клубында өнер көрсетті.

2000 жылға дейін "Қайрат", "Шахтер" клубтарында доп теуіп, Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты. Бірақ негізгі құрамнан орын босамай, үш жылда не-бары 9 рет қана алаңға шықты. Ойын практикасын дамыту үшін, 2002 жылы "Жеңіске" жалға ойнады.

Соңғы ойнаған клубы — "Жетісу". 2007 жылы 33 жасында футболшылық карьерасын аяқтады.

Құрамада

Ұлттық құрама сапында 1997-2002 жылдары ойнап, 24 кездесуде 4 гол соқты<ref>http://footballfacts.ru/players/18658</ref>. 4 голдың үшеуін 2000 жылы Палестинаның қақпасына енгізді. Бірақ хет-трик емес, екі матчта.

Бапкерлік

2012 жылдан бапкерлікке ауысты. "Сұңқар", "Спартак" (Семей) клубтарында физикалық дайындықты реттейтін бапкер қызметін атқарды.

Ұлттық құрамадағы голдары

1. 6. 04. 2000 Аль-Садд, Доһа Палестина 2–0 Азия кубогы-2000 іріктеуі
2. 28. 05. 2000 Абдуллах Король стадионы, Амман Палестина 3–2 Жолдастық кездесу
3. 28. 05. 2000 Абдуллах Король стадионы, Амман Палестина 3–2 Жолдастық кездесу
4. 21. 04. 2001 Аль-Шабб, Бағдат Непал 6–0 ӘЧ-2002 іріктеуі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер