Аса алып қызыл жұлдыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Betelgeuse viewed from 8au.jpg
Компьютерлік технологияны пайдаланып 8 астрономиялық қашықтықтан қарағандағы Бетельгейзе

Аса алып қызыл жұлдыз (Red supergiant, RSG) — Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі (Йерктік спектр бөлу, МКК) бойынша жіктегенде бірінші түрдегі жұлдызға жататын Аса алып жұлдыз түрі. Олар салмағы ең үлкен жұлдыз емес, бірақ көлемі бойынша ғаламдағы ең үлкен жұлдыз есептеледі.

Пайда болуы

Массасы 10 күн массасына ие жұлдыздың өзегіндегі сутегі жанып таусылған соң гелийлік жануды бастан кешіреді де аса алып қызыл жұлдызға айналады.

Ерекшелігі

Сурет:Nucleosynthesis in a star.gif
Аса алып қызыл жұлдыздың құрам қабаты

Мұндай жұлдыздардың беткі температурасы өте төмен болады (3500-4500 K). Құс жолы жүйесінде белгілі болған төрт Аса ауыр қызыл жұлдыз Цефей μ, Мерген кВА, Цефей V354 және Аққу KY қатарлылар. Олардың радиусы күннің 1500 есесіндей ұзын (шамамен 7 астрономиялық бірлік, немесе жердің күнмен арақашықтығының 7 есесіндей). Көп санды аса алып қызыл жұлдыздардың радиусы күннің 200-800 есесіндей.

Мұндай алып жұлдыздардың айқын емес жарық шеңбері болады және ол соншылық қалың болмайды. Оларда баяу жұлдыз бораны болады. Мұндай жұлдыздар кішірейіп Алып көк жұлдызға айналуы мүмкін. Алып көк жұлдыздың жылдамдығы жоғарырақ және жұлдыз бораны да келсін-келмесін болады.

Көптеген алып қызыл жұлдыздың өзегіндегі соңғы қалдық көбінесе темір болып келеді. Өмірінің соңғы сәтінде (басқа түрге айналар сәтінде) олар туғызған элемент барған сайын ауырлап, өзегіне өте ауыры жиналады.

Сақталу мерзімі мен өзгеруі

Салыстырмалы айтқанда Аса алып қызыл жұлдыз болу сатысы соншылық ұзақ емес, шамамен ондаған мың жылдан миллиоандаған жылға ұласады. Әлем үшін бұл соншылық ұзақ уақыт емес. Көптеген ірі көлемдегі Аса алып қызыл жұлдыздар Вольфа - Райе жұлдыздарына (Wolf–Rayet star) айналады. Ал көлемі кішіректері екінші деңгейлі жұлдызға айналады.

Бетельгейзе мен Антарес аса алып қызыл жұлдыздың жарқын мысалы есептеледі.

Фантазия

«Суперман» (Superman, Еренадам) киносы мен «Суперманнің оралуы» (Superman Returns) киносында Криптон планетасыда көрінген қызыл күн дәл осы аса алып қызыл жұлдыз есептеледі. Ғаламатжұлдыздық жарылысты бастан кешіргендіктен бұл тұрақты жұлдыздың өлуі туғызған толқын Криптон планетасының күйреуіне алып келген делінеді. (Аталған киноның комиксінде планета өзегіндегі тұрақсыздық Криптон планетасын күйреткен делінеді.