Астрономиялық бірлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ecliptic path.jpg
Күн, жер және оны қоршаған жұлдыздардың жердегілерге көрінуі

Астрономиялық бірлік (халықаралық ықшам таңбасы AU кейде au, a.u. немесе ua деп жазылады, қазақша аб, немесе АБ) — астрономияда қашықтықты өлшеудің тұрақты бірлігі болып, ол әдетте жер шары мен күннің арақашықтығына сай белгіленген. Көбінесе жұлдызара, жұлдыздық денелер ара алыс қашықтықты өлшеуге қолданылады. Бұрын ол 149 597 871 000 м (92 955 807 ағылшын милі) делінсе қазіргі түзетілген нұсқасы 149 597 870 700 м. Бұл шамалап айтқанда 150 млн км, немесе 93 млн ағылшын милі болмақ.

Бұл қашықтық идеалдастырылып, вакуумдағы қашықтыққа айналдырылды, яғни ол ендігі жерде күн мен жердің емес, кез келген ғарыштық қашықтыққа бірлік ретінде тұрақты қолданылады және ол жер шары мен күн қашықтығының кейінгі өзгерісіне бола өзгермейді.

Тарихы

Тұңғыш рет Жердің күнді айналатынын айтып кеткен ежелгі Грек астрономы Аристарх ай мен күннің ажырау бұрышы 87° екеніне негізделіп, жердің күннен мөлшер қашықтығы жер мен айдың қашықтығының 18 ден 20 ға дейінгі есесіндей деп есептеген болатын(Іс жүзінде 390 есе).

1976 жылы Халықаралық астрономия одағы(IAU)аб -ның (AU) дәл шамасын айқындап, Гаусс гравитация тұрақтысы (k) арқылы ұзындық, уақыт, масса бірліктерін белгіледі және Үлгі:Nowrap мәнін қашықтықты өлшеуге пайдаланатын астрономиялық бірлік етіп белгіледі.<ref name="IAU76">Resolution No. 10 of the XVIth General Assembly of the International Astronomical Union, Grenoble, 1976</ref><ref name="Trümper">Үлгі:Citation</ref><ref name= Fairbridge>Үлгі:Cite book</ref>

2012 жылы тамызда Пекинде өткен Халықаралық астрономия одағының 28 кезекті бас ассамблея(IAU) жиналысында астрономдар атсыз дауыс беру амалымен жаңа тұрақты мәнді бекітті. Ол метрмен белгіленген тұрақты шама болып, нақты 149,597,870,700 метрге тең.<ref>XXVIII IAU GA RESOLUTION B2 on the re-definition of the astronomical unit of length.</ref><ref>Астрономическую единицу изменили; CNews.ru: 17 қыркүйек 2012</ref>

Кейбір арақашықтықтар

  • Күн жүйесінде Нептун ғаламшары орбитасының радиусы ең алыс есептеледі, ол шамамен 30аб -ға тең.
  • [[2011 жылдың 7 наурызында , ғарыш аппараты «Вояджер-1» (Voyager) күннен 116аб қашыққа дейін барды,<ref name>Үлгі:Cite web</ref>, оның жылдамдығы 3,6 аб/жыл дейін жетті.
  • Бізге ең жақын жұлдыз Проксима Кентавр болып, шамамен 270 000аб қашықтыққа орналасқан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер