Ар-Ридда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ар-Ридда («жолдан таюшылық») - Мұхаммед (с.а.у.) өлгеннен кейін 632 - 33 жылдары халифа өкіметіне қарсы Арабия тайпаларының қозғалысы. Мұсылмандардың тарихи дәстүрінде бұл қозғалысы Ислам жолынан таюшылық деп атайды. Мұхаммедке бас нген тайпалар Әбу Бәкір халифа болған соң мұсылман әкімдеріне алым-салық төлегілері келмей немесе Мұхаммедке (с.а.у.) ұқсап, өздерін Аллаһтың немесе ар-Рахманның елшісіміз деп жарпялаған «жалған Пайғамбарға» сеніп, Ислам жолынан тайды. Оны басуға Әбу Бәкір «жалған Пайғамбар» Тулайха бастаған асад, ғатафан, тайи, т.б. тайпаларға қарсы Орталық Арабияға «жалған Пайғамбар» Мүсәйлима бастаған ханифа, «жалған Пайғамбар» Саджах бастаған тамим тайпасына қарсы шығыс Арабияға, мазһиджиттердің «жалған Пайғамбары» Абхал әл-Асуадқа қарсы Иеменге, әл-Ашғас киндиттері көтеріліске шыққан Хадрамаутқа, Бахрейнге, Уман мен Махраға әскери экспедициялар жіберді. ар-Ридда соғыстарында қолбасшы ретінде Халид б. әл-Уәлид ерекше көзге түсіп, даңқы шықты. ар-Ридда соғыстарын аяқтау алифалардың бар күшті Арабиядан тыс жерлерді жаулап алуға бағыттауларына мүмкіндік берді. Мұсылман аңыз әңгімелерінде тайпалар бүлігіне қарсы күрес Пайғамбар (с.а.у.) өлгеннен кейін ғана басталған Арабия түбегінің негізгі аудандарын бағындыру жолындағы жаугершілік жорықтар түрінде сипатталады. Исламға қарсы көтеріліс ретінде көрсетілген көптеген оқиғаларды мұсылмандар өздерінің саяси үстемдіктерін нығайту үшін өте шеберлікпен пайдалана білді. Ол ішкі ал ауыздықтардың жалғасы болатын. Көптеген «жалған Пайғамбарлар» өз қызметтерін Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар өлмей тұрыпақ бастаған еді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub