Артезиан суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол айічақтагы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады

Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. Латынша Artesіum; Францияның Артуа провинциясында мұндай су 12 ғасырдан бастап шыңырау құдық арқылы алынуына байланысты осылай аталған артезиан суы антропогенге дейінгі шөгінділерде жиналып, платформалар мен ойпаттардың, таулы өлкелердің синклинальді құрылымдарында артезиан алабын немесе беткейін құрайды. Мыңдаған метр тереңдікте жатуы мүмкін. Ұңғыма бұрғыланғанда, артезиан суы сулы қабаттың деңгейінен едәуір жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі, кейде фонтанша атқылайды. Грунт суымен салыстырғанда артезиан суының режимі тұрақты, минералдылығы әркелкі, сапасы көбінесе жоғары болады. Тау бөктерінде артезиан алаптарының шет жақтарында артезиан суы тұщы келеді, су минералдылығы 1 г/л-ден аспайды, ал оның орталық бөлігінде, әсіресе тұзды шөгінділер арасында судың минералдығы 260 – 320 г/л-ге жетеді. Ал температурасы 20ӘС-тан 100ӘС-қа дейін болады, кейде одан да асады. Қазақстанның көптеген аудандарында Артезиан суының мол қоры бар. Ол су көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, егін суаруға кеңінен пайдаланылады. Артезиан құдығы – жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады.

АРТЕЗИАН СУЫ - жер бетіне өздігінен ағылып төгілетін, кейде бұрқақтап атқышайтын, су өтпейтін қабаттар арасындағы арыңды жер асты сулары. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Артезиан суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}