Армян тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox language

Сурет:Manuscript arm 5-6AD.jpg
Армян манускрипті, V—VI ғғ

Армян тілі (հայերեն, (Үлгі:IPA) — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазбалы тілдерінің бірі<ref>С. И. Брук, Вяч. Вс. Иванов, (Большая советская энциклопедия. — Т. 30. — М., 1978. — С. 467—470)</ref>. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі<ref> Encyclopedia of linguistics,Strazny Ph.,New York, Fitzroy Dearborn,2005</ref>. Қазіргі заманда жойылған фригий, фракий, дакий және пеоний тілдерімен бірге палеобалкан тілдер тобына жатады.

Армян тілі — Арменияда, Ресейде, АҚШта, Францияда, Иранда, Грузияда, Сирияда, Аргентинада,Түркияда, Ливанда, Украинада, Иорданияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Канадада, Грекияда, Түркіменстанда, Израильде, Палестинада, Иракта, Венгрияда, Болгарияда, Абхазияда, Чехияда, Мысырда, Кипрда, Эстонияда, Гондураста, Румынияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Үндістанда тұратын армяндардың тілі.

Армян тілінде әр түрлі мәлімет бойынша 5,9 млн-нан 6,7 млн адам сөйлейді<ref name="Armenian language">|http://www.britannica.com/EBchecked/topic/35305/Armenian-language</ref>.

Армян әдеби тілінің тарихы

  1. көне (5-11 ғасыр),
  2. орта (11-17 ғ.),
  3. жаңа дәуір (17 ғ-дан бастап) аталатын 3 кезеңге бөлінеді.

Көне дәуіріндегі армян тілі - көне армян тілі, ал оның жазба ескерткіштерінің тілі - грабар.

Орта дәуіріндегі арммян тілі - орта арям тілі деп аталады.

Жаңа дәуірде қазіргі армян тілі қалыптасып, 19 ғ-дың аяқ шенінде онда жаңа армян әдеби тілінің белгілері пайда болған. Жаңа армян әдеби тілінің шығыс және батыс делінетін екі нұсқасы бар, олардың әрқайсысы көптеген диалектіні қамтиды. Армения халықы осының ашхарабар деп аталатын шығыс нұсқасында сөйлйді.

Армян тілінде 6 дауысты, 30 дауыссыз фонема бар. Грамматикалық род категориясы жойылып кеткен. Септік жалғаулары жетеу. Морфологиясының дені агглютинативті, аналитизм элементтері де ұшырайды.

Тағы қараңыз


Дереккөздер

<references/>

  • Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том