Арман Ғалиасқарұлы Дунаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев (7 қазан 1966 жыл, Қоғалы ауылы, Гвардия ауданы, Талдықорған облысы) — қазақстандық экономист, қаржыгер, мемлекет қайраткері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Білімі
- 1988 жылы саяси экономия мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді.
- 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөліміне аспирант ретінде қабылданды. 1992 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
- Еңбек жолын 1988 жылы Жамбылдың гидромелиоративті-құрылыс институтының кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде бастаған.
- 1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыс аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі.
- 1993 жылдың қараша айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінде басқарушы қызметтерін атқарады.
- 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында екінші деңгейлі банкте инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу басқармасының бастығы.
- 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік борыштар Департаментінің Директоры.
- 2001 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі болып тағайындалады.
- 2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-Министрі.
- 2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» басқарма Төрағасы.
- 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-Министрі, ал одан кейін Қаржы Министрі болып тағайындалды.
- 2006 жылдың қаңтар айынан 2008 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы.
- 2008 жылғы 23 қаңтардан 13 қазанға дейін «„Қазына“ орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
- 2008 жылғы 17 қазаннан 2011 жылғы мамырға дейін «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
- 2011—2012 жылдары „Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі.
Басқа қызметтері
- 2008—2011 жылдары «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2009—2011 жылдары «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2014—2017 жылдары «Altyn Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2017—2025 жылдары «Halyk Finance» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.<ref>Дунаев Арман Галиаскарович (персональная справка)</ref>
- 2017—2018 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.<ref>Совет директоров Qazkom возглавил Арман Дунаев</ref>
- 2025 жылдан бастап «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.<ref>У Halyk Bank будет новый председатель совета директоров</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
- «Құрмет» ордені (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
Отбасы жағдайы
Үйленген, 2 баласы бар.
Дереккөздер
Санат:
- 7 қазанда туғандар
- 1966 жылы туғандар
- Кербұлақ ауданында туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан вице-министрлері
- Қазақстан қаржы министрлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері