Арман Константинұлы Шылманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арман Константинұлы Шылманов 1984 жылы 20 сәуірде Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған. Қазақаласы Әкесі - Шылманов Константин Қобыланұлы (1961 жылы туған), құрылысшы. Анасы - Шылманова Роза Сатқанқызы (1962 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Атырау мұнай және газ институты мұнай факультетінің (2006) инженер-механик мамандығы бойынша бітіргөн. Қазіргі уақытта - X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті, дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы. Орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. ≪Нұр Отан≫ ХДП мүшесі (2007 жылдан). 2002 жылдан бері - Атырау облысы ОРМБЖСМ спортшысы-нұсқаушысы. Атырау облысы Таэквондо федерациясының спортшысы (2002). Таэквондодан ҚР 5 дүркін чемпионы (2000-2005); Ирандағы (Тегеран, 2004), Германиядағы (Бонн, 2005) халықаралық турнирлердің, ҚР халықтары спартакиадасының (Шымкент, 2001), Каспий аймағы мемлекеттері универсиадасының (Атырау, 2003) жеңімпазы; Азия чемпионатының (Амман, 2002), Азия ойындарының (Пусан, 2002), Әлем чемпионатының (Қытай, 2007; Дания, 2009), XXIX Олимпиада ойындарының (Пекин, 2008) қола жүлдегері. Таэквондодан халықаралық санаттағы спорт шебері (2002). Таэквондодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2008). ≪Құрмет≫ орденімен (2008) марапатталған. Полиция лейтенанты. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Әлемнің 50 үздік елдері санына кіретін прогреске ұмтылып дамитын мемлекет≫. Хоббиі - спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер. Бойдақаласы <ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub