Ардақ Наурызбайқызы Саханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ардақ Наурызбайқызы Саханова — экономика ғылымының докторы (2005).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1960 жылы 14 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында туған.

ҚазҰТУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті), Қазақ мемлекеттік халықаралық байланыстар және әлем тілдері университетін (1998) бітірген.
2005 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде декан қызметінде.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік сектор тиімділігін басқару: теориялық, әдістемелік және тәжірибе" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми еңбектері еңбек өнімділігі, Қазақстан Республикасындағы аралас экономиканың қалыптасу стратегиясы, мемлекеттік менеджмент, тұрақты әлеуметтік дамудың механизмдері, экономикада мемлекеттік сектордың тиімділігі, адамдық даму негізіне арналған.
100-ден аса ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монография, 7 оқулық, 6 оқу құралының авторы.

Марапттары

  • ҚР БҒМ-нің гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2002).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер