Араб елдерінің спутниктік теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Араб елдерінің спутниктік теледидары — жаңа ғасырда араб елдері спутниктік теледидар хабарларын тек өз елдерінде ғана емес, көптеген мемлекеттерге бағыттап отырады. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Спутниктік теледидар саласындағы табыс "Арабсат" спутниктік теледидар араб ұйымы арқасында мүмкін болды. Спутниктік теледидар құру идеясы 1967 жылы Тунисте өткен араб елдері Мәдениет министрлері Кеңесінде қолдау тапты. 1976 жылы араб елдері коммуникациялары министрлерінің Каирде қол қойған спутниктік коммуникациялар араб жүйесін құру жөніндегі келісімде теледидарлық трансляцияларды, ғарыштық байланыс арқылы телефонмен сөйлесуді қамтамасыз ететін және "Арабсатқа" мүше елдер арасында ақпараттық алмасулар мен коммуникацияны дамытуды жеделдететін мемлекетаралық ұйым ретінде танылды. Оның басты құрылтайшылары және негізгі акционерлері: Сауд Арабиясы, Ливия, Египет, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) болды.

1979 жылы бастап "Арабвижн" телебағдарламалар алмасу жүйесі тоғыз араб елінің арасында хабарларын көрсете бастады. Біртіндеп "Арабсатқа" тиесілі төрт коммуникациялық Жер серігінен тұратын жүйе іске қосылды. Оларды құруда және ғарышқа ұшыруда негізінен француз технологиясы қолданылды. 1985 жылдан бастап "Арабсат" жүйесі арқылы арабаралық телебағдарламалар алмасу қанат жайды.

"Арабсат" тікелей телехабарларды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы коммуникациялық жүйе болып есептеледі. Ол жер бетінде орналасқан қымбат тұратын қабылдау кешендерін кажет етпейді және шағын (арзан) жеке қабылдағыш қондырғы арқылы дабылды қабылдай алады. Диаметрі 80-90 см антенналар арқылы спутниктік телехабарларды сенімді түрде қабылдауды қамтамасыз етеді.

"Арабсат" Жер серіктерінің дабылы Жерорта теңізі, Азия, Еуропа, Африка және осы құрлықтардан тыс елдерге тарайды. Мұндағы мақсат арабтардың рухани дүниесі мен өмір салтын, көп ғасырлық дәстүрі бар араб мәдениетін басқа мемлекеттердің халқына таныстыру. Ал Алжир мемлекеттік спутниктік каналы (Algerian TV) Исламның ықпалы негізінде қалыптасқан тарихи және мәдени дәстүрлерге берік ел бейнесін жасауға көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әлемдік даму жолымен жүруге ұмтылады.

Араб елдерінің мемлекеттік спутниктік каналдары өз мемлекеттерінің сыртқы саясатын насихаттауды мақсат етеді. Египеттің ESP-1 каналы шетелде тұратын арабтармен, елшіліктермен, мәдени және ақпараттық орталықтармен байланыс жасап тұруға үндейді. Қазіргі дүниежүзіне мәлім миграциялық үрдістер арабтарға да тән.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}