Англосаксон баспасөз дәстүрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

'Азат баспасөздің оң қағидасы - журналистердің әлдебір көріністі шынайы адалдықпен, әр қырынан жан-жақты пайымдап барып, көпке жеткізу дәстүрі.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Англосаксон баспасөз дәстүрі оң қағидаға негізделген. Олар мынандай: 1. Баспасөз азат болуға тиіс және оның осы бостандығы Конституциямен, баспа заңдарымен мойындалуы тиіс. Мұны цензурасыз, дербес, сыншыл төртінші билік ретінде түсінуге болады. 2. Қатардағы әрбір журналист, редактор адал, әділетті болу, талап үдесінен шыға білу. Егер газет тәуелсіз дербес болса, оның шығарушысы ешбір саяси партия, ұйымдарға бүйрегі бұрмауы керек. Журналистер әлдебіреулердің ақылы тапсырысы бойынша оларға ұнайтын мақала жазудан үзілді-кесілді бас тартуы қажет. 3. Баспасөз экономика және жарияланымдық мүдделердін аражігін ажыратуы керек. Газет насихат жасап сатуы арқылы ұшпаққа шықпайды. Өз инвесторын да сын тезіне салуына болады, керісінше, оның көңіліне жағатын жарияланымдық бағыт ұстауға болмайды. 4. Баспасөз сенімді болуға тиіс. Мақала жазбас бұрын күрделі зерттеулер жүргізіп, қателерін түзеу, сандардың, деректердің дұрыстығын растау қажет. 5. Баспасөз адал болсын. Сыналған жеке адам немесе мекемеге шабуыл жасаудан бұрын оған жауап қайтару мүмкіндігі берілуі дұрыс. Біреудің абыройына негізсіз қол сұғылатын ақпаратты атын атап, фотосымен басуға болмайды. 6. Баспасөз ашық болсын. Газет редакциясында журналистер арқылы даярланбаған материалдар, көзқарастардың жариялану құқығы бірдей. Баспасөз қателескен болса, онысын дереу мойындауы тиіс. Оқырмандардан түскен хаттарды цензураға салуға болмайды. 7. Баспасөз оқиғаны хабарлағанда объективтілікке жүгінеді. Шындықты айтуды маңызды санау, ақпараттарға бір өлшеммен қарап тепе-теңдікті сақтау, әртүрлі артық-ауыс түсініктеме жасаудан аулақ болу. Комментарий, зерттеу, редакциялық мақала секілді жанрлардың ақпараттық жанрлардан өзгеше екендігін тану. 8. Баспасөз өз тұтынушыларына кұрметпен қарауға тиіс. Ең маңызды ақпаратты басына шығару, газеттің жалпы құрылымы үйлесімді дұрыс орналастырылған, әркімге түсінікті тілмен жазылуға тиіс. 9. Баспасөздің алысты көре білетін дұрыс стратегиясы болғаны жақсы. Тек қана қолында билігі бар шешім қабылдайтын субъектілердің сөздерінен сілтеме жасау емес, қарапайым азаматтардың пікірлерімен де санасу, болған оқиғалардың себеп, салдарын ашып көрсетуі тиіс. 10. Баспасөздің кей жағынан көңіл көтерерлік болғаны да жақсы. Көңіл көтеру газеттің түпкі мақсаты емес, дегенмен орнын таба алса, оның бәсекелестік қабілетін арттырып, өтімділігін жақсартады. Бір сөзбен айтқанда, "сәйкесетін нәрсенің бәрін жарияла" деуге болады.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}