Анар Шаймаханқызы Досбенбетова
Үлгі:Ғалым Анар Шаймаханқызы Досбенбетова — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор (2012).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған.
Шымкент педагогикалық мəдени институтын (1977) бітірген. 1977-82 жылдары мектепте мұғалім, 1982-85 жылдары Шымкент педагогикалық мəдени институтында комсомол комитетінің хатшысы, 1996-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аспирантура меңгерушісі, 1997-99 жылдары факультет деканының орынбасары, 1991-2012 жылдары аға оқытушы (1991), доцент, профессор (2012).
Ғылыми еңбегі
"Научно-педагогические основы формирования экономической культуры школьников с учетом с этнорегиональных особенностей Казахстана" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>