Анар Бекетбайқызы Мұқашева
Үлгі:Ғалым Анар Бекетбайқызы Мұқашева — педагогика ғылымының докторы (2012).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 12 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туған.
Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1990, қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы).
1990-92 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы, 1992-94 жылдары Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы мектеп-интернаты директорының орынбасары, 1994-97 жылдары Қазақ ұлттық университетінде аға лаборант, аспирант, ассистент, 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы №64 орта мектепте мұғалім қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақ ұлттық университетінде доцент.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – жалпы білім беретін оқу орындарындағы тәлімгерлердің музыкалық білмідерінің тарихы, Қазақстандағы жоғары музыкалық білімнің даму тарихы, жастардың эстетикалық және рухани адамгершілік тәрбиесі.
"Қазақстан Республикасындағы жоғары музыкалық білімнің дамуы: тарихы, тенденциялары мен болашағы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапттары
- Университеттің дамуына үлес қосқаны үшін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ерен еңбегі үшін" медалі.<ref>Ерен еңбегі үшін (Мукашева Анар). </ref>