Амангелді Құсайынов
Құсайынов Амангелді (1942 жылы туған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991).
КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің үздігі (1980). ҚазМУ-ды (1969), оның аспирантурасын (1976) бітірген. 1960–63 жылдары Үлгілі 7-жылдық мектебінде мұғалім болды, 1963–66 жылдары Қызыл армия қатарында азаматтық борышын атқарды. 1969–70 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы, 1970–76 жылдары Алматы қаласында партия органдарында, 1976–92 жылдары ҚазМУ-де аспирант, аға оқытушы, доцент (1987–92), проректордың орынбасары, проректоры (1980–87), аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Ақмола педагогикалық институтында (қазіргі ун-т) ректор.
Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыттары – Қазақстан тарихының мәселелері. 40-тан астам еңбектің оның ішінде 3 монографияның авторы,
Орден және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер
- 1942 жылы туғандар
- Ертіс ауданында туғандар
- Қазақстан тарихшылары
- Тарих ғылымдарының докторлары
- КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары
- Астана педагогикалық университетінің ректорлары