Алғашқы қазақ радиогазетінің тұңғыш редакторы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алғашқы қазақ радиогазетінің тұңғыш редакторы - қазақ әдебиетінің аса ірі жаңашыры әрі ғұлама ғалым, филол. тыл. докт., проф. Бейсенбай Кенжебаев. Коммунистік партияның әкелік қамқорлығы арқасында елімізде радиоорталықтары көбейді <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Отызыншы жылдардың басынан бастап, Қазақ республикасының астанасы Алматыда радиоорталығы ұйымдастырылды. Радио арқылы үнемі түрлі хабар-ошарлар, шағын мақалалар, музыка, ән-күй беріліп түрды. 1931 жылы көктемде Қазақстан өлкелік партия к-ті әлтіндей хабарошарлар радиогазет болып берілсін, оның қазақшасы "Енбекші Қазақ" деп аталсын деген қаулы кабылдады. Ол газеттің редакторлығын косалқы қызмет ретінде маған (Б.К.) жүктеді. "Еңбекші Қазақ" радиогазетінде үш кісі қызмет істедік: редакцияның жауапты хатшысы болып жазушы Айтбай Хангелдин, редакцияның хабаршы-дикторы болып журналист Насыр Ноғаев істеді.

Газетімізден екі бөлімі тұрақты орын алды: оның біріншісі жалпы саяси бөлім, екіншісі ойын-сауық бөлімі деп аталды. Бірінші бөлімде шағын материалдар, мақалалар, хабар-ошарлар болатын. Оларды негізінен алганда өзіміз күрастыратынбыз. Тек анда-санда ғана бірлі-екілі мақалаларды күнделікті шығатын газеттен, көбінесе "Еңбекші Қазақ" газетінен алатынбыз. Ал газеттің ойын-сауық бөлімі түгелдей музыка, ән-күй, өлең-тақпақ болатын. Оларды астанадағы театрлардың артистерін шақырып айтқызатын едік. Артист "сахнаға" шығарда: Бәлен кісі өз домбырасымен өлең айтады, өз домбырасымен күй тартады, деп хабарлайтын едік. Біздің осы "өз домбырасы", "орындайды" деген сөздерімізді әуелде жұрт келеке етіп те жүреді. "Енбекші Қазақ" радиогазеті күніне үш мезгіл: таңертең, түсте, кешке оқылатын. Әр оқылғанда бір сағат шамасы уақытқа созылатын. Қазақтың тұңғыш радиогазеті "Еңбекші Қазақ" осылайша бір жылға жуық уақыт шығып тұрды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}