Алтай (құм)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Алтай құмы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы құмды алқап. Әйтеке би кенті кентінен шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Ұзындығы 22 км, енді жері 15 км-ге жетеді. Құм алқабы төбешікті келген. Мұнда Алтай темір жол айрығы, Көбек елді мекені орналасқан. Осы жердегі құм төбелердің бірінде Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісте (1837 – 47) қаза тапқан батырлардың бірі – Алтайдың бейіті бар.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>