Алматы шыңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Тау

АлматыІле Алатауындағы шың.

Жер бедері

Абсолюттiк биіктігі 3681 м. Шың Үлкен Алматы көлінің батысында, Проходная (Өтпелі) өзенінің шығысын ала орналасқан. Жалаңаш жартасты, тік құлама беткейлі. 3000 м-лік биіктігінде жылдың 9-10 айында қар жатады.

Геологиялық құрылымы

Алматы шыңы плиоцен және төрттік кезеңнің басындағы тау түзілу процесінде пайда болған. Гранит, конгломерат, әктас, тақтатастан түзілген.

Өсімдігі

Төменгі бөлігін шыршалы орман, альпілік шалғын көмкерген. Батысындағы Проходная өзені бойымен Алматы асуына туристік жол барады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматы шыңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}