Үлкен Алматы көлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Көл

Үлкен Алматы көліІле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

Климаты

Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.

Көл аумақтарына рұқсат етiлмейдi

  • табиғи нысандарды, тарих, мәдениеттiң ескерткiштерiн жою, бұзу;
  • суаттар және топырақтарды ластау;
  • тұрмыстық қалдықтармен аумақты ластау;
  • өз бетiмен аң, балық аулау, ұяларды, құмырсқа илеулерiн ойсырату;
  • ағаштарды өз бетiмен заңсыз кесу және сындыру;
  • от жағу;
  • әдемi гүлдеген және дәрiлiк өсiмдiктердi жинау;
  • саңырауқұлақ, жидек, жемiстердi рұқсатсыз жинау;
  • өз бетiмен мал бағу және пiшен шабу;
  • үй жануарларымен жүру (иттер, мысықтар);
  • туристтiк тұрақтардың құрылымы орындардан тыс әдейi апарылған
  • тастағы жазуларды, қанды ағаштарға ұру
  • рұқсатсыз ғылыми, iзденiс жұмыстарын жүргізу;
  • орынға баратын арнайы жолдарды машиналардың өз бетінше айналып өтіп, баруы. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Сурет:Үлкен Алматы көлі 1.jpg
Үлкен Алматы көлі (маусым, 2015)
Сурет:Stamp of Kazakhstan 540.jpg
Пошта маркасы 2005

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub