Алматыдағы ипподром

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматыдағы ипподром, 1930 жылы ашылған. Ат спорты жарыстарын және мейрамдарды ұйымдастырады, желісті және міністі жылқылар сыналады. Аумағы 40 гектардан астам. Міністі және желісті аттар ушін 2 жүрделі және 2 жүріс жолы, түрлі ойындар мен ат спорты жарыстарын өткізу үшін алаң, 3 мың орындық трибунасы бар. Желісті жылқылар үшін жолдардың жасанды жамылғылары бар, бұл жаттығуды жыл бойы жүргізуге мүмкіндік туғызады. Ипподромда аумағындағы 500 орындық атқора, малдәрігерлік емдеу орталығы, аттарды шомылдыратын бассейн, ұстахана, аттарды жалдайтын пункт, "Тұлпар", қонақүйі, жылқы шаруашылығы мұражайы орналасқан. Ипподромда ат спортынан ойындар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүлдесі үшін ат спортынан дәстүрлі жарыстар мен мерекелер өткізіледі.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматыдағы ипподром|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}