Алаң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алаң — қоғамдық құрылыстардың орталығындағы, қала немесе кент көшелерінің құрамына кіретін біртұтас сәулеттік ашық жер. Көлемі мен пайдалану шарты бойынша, қаланың орт. алаңы, театр алаңы, стадион алаңы, құрылыс алаңы т.б. болып бөлінеді. Құрылыс алаңы деп құрылыс жүріп жатқан жерді айтады. Алаң көне шығыс елдерінде ертеден жобаланып салынған. Мысалы: Париждегі атақты Марс алаңы көне Гераттың атақты жабық базары орналасқан алаңына ұқсатылып жобаланған. Алматы қ-дағы Республика алаңы, Қарағанды қ-ның Орталық алаңы т.б. бірегей сәулет ансамбльдер болып табылады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}