Алмату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматуорта ғасырлардағы қала орны. Қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарына дейін сақталған. Оларды алғаш 1938 ж. өлкетанушы Б. Н. Дублицкий зерттеген. “Тау қыратындағы” (“Горный гигант”) қазба жұмысы жүргізілген төбе үстіне кейін үйлер тұрғызылған. Төбенің көлемі 140х150, солтүстік-батыс қабырғасынан тік бұрышты алаңша (85х40 м) қосылған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref> Биіктігі 0,5-0,7 м келетін қабырғамен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралары болған. Үстінен жиналған ыдыс сынықтары 10-12 ғасырға жатады. Осындай құрылыс орны Ботаника бағының орнында да болған. Ол жерден 1969 ж. бірнеше құмыралардан, сырлы сапты аяқтардан және үлкен хумнан тұратын көмбе табылды. Табылған ыдыстар 11-12 ғасырға жатады. Шекарашылар мектебінің терр-нда жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде орта ғасыр ұстаханасының орны ашылған. Әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде Шағатай мемлекетінде 1271 ж. Масуд бек реформасынан кейін соғылған теңгелер табылған. Бір бетіне соғылған жерінің аты көрсетілген. Бұның бәрі Алмату 10-14 ғ. аралығындағы ірі қала орны болғанын дәлелдейді.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алмату|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

de:Almaty#Almatu