Алмасбек Нұрмаханұлы Алматов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Алмасбек Нұрмаханұлы Алматов (1956 жылы 13 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясында туған) — қазақ халықының жыршылық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы жырау, домбырашы, фольклор зерттеушісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003).

Толығырақ

  • Алмасбек Нұрмаханұлы 1956 жылғы 13 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясында дүниеге келген.
  • 1982 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка - педагогика факультетін бітірген.
  • 1982–1987 жылдары Қызылорда Облыстық кәсіптік білім беру мәдениет басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығында жетекші маман қызыметін атқарды.
  • 1987–1988 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми ізденушісі болып қабылданды.
  • 1988–1990 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасын ұйымдастырушылардың бірі және алғашқы меңгерушісі болып сайланды.
  • 1990–2011 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасын ұйымдастырушы және алғашқы меңгерушісі болып қызмет атқарды.
  • 1994–1998 жылдары Қызылорда облыстық маслихат депутаты.
  • 2011 жылғы қазаннан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қорқыт атындағы өнер зерттеу орталығының директоры,
  • 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының профессоры қызметінде.
  • Алматовтың әуендік ортасы ұлы Қорқыт пен оның ізбасарлары Рүстембек, Көшеней, Бидас өмір сүрген мекен. Композитор М. Қалауов пен танымал фольклоршы, профессор А. Қоңыратбаевтан оның дәріс алуы творчестволық қалыптасуына ерекше ықпал етті. А. Алматовтың ұланғайыр тақырыпты орындаушылық өнері бүгінде елімізден тыс шетелдерге де танымал. Ол қазақтың жыршылық өнерін Мәскеу, Самарқант, Париж, Франция, Италия, Швейцария, Моңғолия өнерсүйер қауымына адамзат мәдениетінің асыл қазынасы ретінде таныстыра білді. Ол қай жерде өнер көрсетсе де,Қармақшы өңірінің жырлау мәнерін танытумен болды. Ол Асан Қайғыдан бастап, Қазақстанның қазіргі замандық ақындардың шығармаларын орындайды. Эпикалық жыр өнерінің адам сезіміне әсері ерекше. А. Алматов жыр өнерін жалынды жалғастырушы айрықша өнер иесі.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub